Аудан әкімі көпбалалы және азқамтылған аналармен кездесті

Бүгін аудан әкімі Р.Құрмамбаев Үлкен Нарын өңірінің көпбалалы және әлеуметтік жағынан осал отбасыларымен кезекті кездесу өткізді.
Кездесуге 60 - тан астам адам - көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасылар, сондай-ақ "Нұр Отан" партиясы филиалының, әлеуметтік қорғау, білім беру, ТКШ бөлімдері басшылары, құқық қорғау органдары мен ауыл әкімдігінің өкілдері қатысты.
Жиналғандар алдында сөз алған аудан әкімі Р. Т. Құрмамбаев кездесудің мақсатын айқындады. Ал бұл - мемлекет тарапынан мұқтаж отбасыларға көмек көрсетудің жаңа ережелерін және де мемлекет тарапынан көрсетілетін басқа да көмек түрлері жөнінде түсіндіру. Аталған көмек көрсетумен тікелей байланысты дер басшылары АӘК тағайындаудың жаңа механизмінің өзгерістері туралы, сондай-ақ көмектің өзге түрлері: азық-түлік пакеттері, тұрмыстық химия және гигиена құралдары, балалардың балабақшаларға тегін баруы, мектептерде ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі, тегін мектеп формасы және т. б. туралы айтып берді.
Ары қарай кездесу ашық диалогқа ұласты. Оның барысында көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларда кездесетін мәселелер қозғалып, әр ана өзін толғандыратын сұрақ қойып, ұсыныс-тілектерін жеткізуге мүмкіндік алды. Жергілікті атқарушы органдар атына мемлекет тарапынан көрсетілген назарлары мен қолдаулары үшін алғыс білдіргендер де болды. Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды тыңдап, негізінен, олардың көбі атаулы әлеуметтік көмекке, тұрғын үйдің болмауы мен тіркеуге қатысты болды. Олардың көпшілігіне жауаптар беріліп, аудан басшысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдеріне әлеуметтік қолдаудың қажетті шараларын қабылдау бойынша өтініш білдірген әрбір адаммен жеке жұмыс жасауды тапсырды.