"Бәрі тек Рахмет үшін" дүкені ашылды

28 қараша күні Үлкен Нарын ауылында "Бура" сауда үйінің екінші қабатында жағдайы төмен отбасыларға арналған "Бәрі тек Рахмет үшін" атты әлеуметтік дүкен ашылды.

Аудан әкімі Р.Құрмамбаевтың бастамасымен және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен ашылған дүкеннің ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Р.Жаманбаев және жұмыспен қамту бөлімінің өкілі А.Набиева, бұл сауда орнынан мұқтаж жандар өздеріне қажетті киім-кешекті тегін алатынын айтып, атаулы әлеуметтік көмек төлемдерінің жаңа ережелерін түсіндірді.

Шараға жиналған көпбалалы және азқамтылған отбасы өкілдері өздеріне қажет киімдерді алып, алғыстары мен рахметтерін жеткізіп жатты.