Кезекті әкімдік отырысы болып өтті

26 қараша күні аудан әкімі Р. Құрманбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Отырысқа аудандық мәслихат хатшысы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы,  ауылдық округ әкімдері, ауданның дербес бөлімдерінің басшылары, ауданның тиісті мекемелерінің басшылары қатысты. Кеңес барысында бір мәселе және бес ақпарат талқыланды.  Катонқарағай ауданында "ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы" ҚР Конституциялық Заңының орындалу барысы туралы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Р. Нұрмолдин баяндады. Ағымдағы жылдың 9 айында аумақтарды дамыту бағдарламасының орындалу қорытындысы және 2019 жылы күтілетін орындалуы туралы экономика және қаржы бөлімі басшысының м.а. Э. Акимбетова хабарлады. Сондай-ақ, әкімдік қатысушылары жер қатынастары бөлімінің басшысы С. Жакитовтың аудандағы жер үлескелерінің пайдаланылуы туралы, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Б. Қанапиннің 2019 жылғы күзгі-дала жұмыстарының қорытындылары туралы, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы А. Ережеповтың әскери есепке алу қағидалары туралы, аудандық полиция бөлімінің бастығы Е. Сейілхановтың мал ұрлығына қарсы күрес жөніндегі полиция бөлімінің қызметі туралы ақпараттарын тыңдады. Осы мәселелерді талқылау соңында аудан басшысы ауылдық округ әкімдеріне, аудандық бөлім басшыларына (жетекшілік ететін бағыттар бойынша) қойылған міндеттердің орындалуы мен дамуына әсер ететін жоспарлы көрсеткіштерді орындауға бағытталған шараларды қабылдауды тапсырды.