Бүгін яғни 21 қарашада сағат 10.00-ден Мемлекет басшысының міндеттерін іске асыру аясында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша «Азаматтарды қабылдаудың біртұтас күні» жалпы республикалық іс-шарасы аясында Катонқарағай ауданы әкімі Ренат Құрмамбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді. Қабылдау барысында аудан тұрғындары өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алды. Аудан әкімі барлық жауапты органдарға тиісті тапсырма берді. Аудан тұрғындарының атынан түскен әрбір өтініштің орындалуы аудан әкімінің бақылауында болады.