Кезектен тыс сессия өтті

Ағымдағы жылдың 7 қарашасында Е.Кешілбаевтың төрағалығымен Катонқарағай аудандық мәслихатының Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына орай салтанатты отыз үшінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Д.Тумашинов, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. 

Күн тәртібінде Катонқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 24/200–VI «2019-2021 жылдарға арналған Катонқарағай ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және әртүрлі мәселелер қаралды.

Бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Сыдықова аудан бюджетіне енгізілген өзгерістермен таныстырды.

 Әртүрлі мәселелер бойынша аудандық мәслихат хатшысы барлық мәселелерге тоқталып, шешім жобаларымен таныстырды.

         Шешім жобаларын саралау нәтижесінде 4 нормативтік құқықтық акті қабылданды.

Сессия шешімімен сессия төрағасы Е.Кешілбаевтың өкілеттігі ұзартылды. 

Сессияның салтанатты бөлімінде  аудандық мәслихаттың хатшысы Дүйсен Бралинов Катонқарағай аудандық мәслихатының 25 жылдық тарихына, депутаттардың атқарған жұмыстарына тоқталып өтті. Аудан әкімінің орынбасары Досымбек Тумашинов, Катонқарағай ауданының құрметті азаматтары Ерен Жұмағұлов, Ниғмет Шаухин депутаттарды мерекемен құттықтап, өз жүрекжарды тілектерін білдірді. Сессияда аудан депутаттарына, аудандық мәслихаттың бұрынғы хатшыларына, аудандық мәслихаттың үш шақырылымына депутат болған азаматтарға, мәслихатпен тығыз жұмыс істеген мекеме басшыларына, ұзақ жылдар мәслихат аппаратында қызмет атқарған   мемлекеттік қызметкерлерге «Шығыс Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалі табыс етілді.

Мәслихат аппараты