Дүниежүзілік жануарларды қорғау күніне арналған "Тірі планета-тірі жан " атты балалар кітабының апталығы

28 қазан 01 қараша аралығында, оқушылардың күзгі бірінші демалыстарында Үлкен Нырын  ауылдық кітапханасында жан –жануарларды  қорғау күніне  орай балалар кітаптарының  апталығы  бастау алды.  Апталық барысында  кітапханашылар  В.Дягилева мен Г.Коротокова «Ғажайып табиғат әлемі» атты экспозициялық көрме ұйымдастырды. Қ.Дамитов атындағы орта мектеп оқушылары, Үлкен Нарын орта мектебінің, Үлкен Нарын ауылдық  лицейінің оқушылары  мен  ұстаздары қатысты. Балалар өлеңдерді  жатқа оқып, жұмбақтар  шешіп, викторина сұрақтарға  жауап беріп, сурет сайысына қатысып, табиғи материалдардан әртүрлі қол өнер  бұйымдарын жасады. Апталық  соңында  барлық  қатысушыларға грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді.