Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

2019 жылы 3 қазанда Үлкен Нарын ауылындағы аудандық мәдениет үйінде "Катонқарағай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы"КММ ұйымдастыруымен Бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеде мектеп директорлары 108 бос жұмыс орнын ұсынды. Жұмыс іздеушілер 92-ден астам адам болды, олар жұмыспен қамту орталығының мамандарынан кеңес алуға, әлеуетті жұмыс берушілермен тікелей сөйлесуге және қызықтыратын сұрақтарды қоюға мүмкіндік алды.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша 71 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды,оның ішінде 48 электр қазандықтарының операторлары және 23 - гардеробшы. Қалған азаматтарға тиісті кеңес берілді.