Сот жұмысында пайдаланатын жаңа технологиялар тақырыбына дәріс оқылды

Катонқарағай аудандық сотында сот жұмысында пайдаланатын жаңа технологияларды талқылау бойынша дәріс оқылды.

Кеңсе меңгерушісі Э.Жансултанова Казақстанның сот жүйесінде электронды сот төрелігін құруы ақпараттық технологияны енгізу арқасында жүзеге асырылғанын атап өтті. Бұл арқылы сот процессіне қатысушылар және барлық қызығушылық танытқан басқа тұлғалар интернет-ресурс ақпараттық- анықтамалар жүйесі арқылы қажетті құжаттарды және сот актілерін ала алады. Бұл сот іс жүргізуін оңайлатуға әкеледі, жеделдігін, қол жетімділігін және ашықтылығын қамтамасыз етеді.

Ары қарай, сот жүйесіне енгізілген  «Сот кабинеті», «Соттарды сырттай бағалау» және «Электронды сенімхат» жүйелерін және т.б жүйелерді таныстырып көрсетті.

Іс-шараның негізгі мақсаты сот жұмысына жаңа ІТ-технологияларды енгізу туралы мемлекеттік саясатының жалғастыру мен ашық және есепті мемлекет кағиданы жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады.

Катонқарағай аудандық сотының баспасөз қызметі