Катонқарағай аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

Катонқарағай аудандық сотында «Азаматтық іс жүргізудегі татуласу рәсімі» тақырыбына судялар, сот мамандары, прокуратура қызметкерлері, ауданның қорғаушылары мен кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Судя Нурсапинов Н.С. Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының 4 бабына сәйкес мынадай қағидаттарға негізінделетіндігін атап өтті: еріктілік, медиация тараптарының тең құқылығы, медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы, медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік, құпиялық. 

Дауларды шешудің баламалы әдісі түрінде құқықтық жүйенің дамуының үлкен әлеуеті ретінде, медиация қазақстандық  әділ сот жүргізудің басты басымдықтардың бірі болып айқындалған.

Шара соңында қатысушылар татуласу рәсімін қолданған даулардың ерекшеліктерін талқылап, осы бағыттаға жұмысты жандандыруды шешті.

Катонқарағайаудандық сотының баспасөз қызметі