«Қазақстан Республикасының судьялары мен мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп қағидалары» тақырыбында семинар өтті

Катонқарағай аудандық сотында «Қазақстан Республикасының судьялары мен мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп қағидалары» тақырыбында семинар өткізілді.
Катонқарағай аудандық сотының төрағасы м.а. Н.С. Нурсапинов семинарды ашып, Судьялар әдебі жөніндегі Кодекс әрбір судья үшін міндетті сот төрелігін жүзеге асыру сынды кәсіби қызметін атқару барысында, сондай-ақ соттан тыс уақытта өзін-өзі ұстау ережелерін орнатады.Сонымен бірге, судья аталмыш Кодекстің ережесін түсіндіріп берді. Судья берген антына адал болып, заңды мүлтіксіз сақтауы және судья лауазымын бағалай білуі керек. Өзінің кәсіби қызметі мен жұмыстан тыс кезінде судья заңдарды, судьялар әдебі жөніндегі Кодексті және жалпы адамгершілік нормаларын қатаң ұстануы тиіс екендігін айтты.

Аталған тақырыпта соттың кеңсе меңгерушісі Э.К. Жансултанованың баяндамасы тыңдалды. Баяндамада Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсанындағы №153 Жарлығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп қағидалары бекітілгендігі атап өтілді. Аталған тақырыпты талқылау барысында, мемлекеттік қызмет лауазымдарының орындаушы бола отырып, өзінің қызметін атқарғанда, қоғамда мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтап және азаматтардың алдында өзінің жауапкершілігін сезініп қоғамдық сенімді бекітуге мүмкіндік туғызу қажеттігін айтып өтті.
Семинар сабақтың қорытындысында қатысушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп Кодексін және қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге, сот мәжілісінде өз-өзін ұстау мәдениетін сақтауға, процесске қатысушылармен дұрыс жүгіну кезінде теріс фактілердің алдын алу сот төрелігіне деген сенімін нығайта түседі.

Катонқарағай аудандық сотының баспасөз қызметі.