«Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат»

Катонқарағай  аудандық сотында «Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат» тақырыбында семинар сабақ өтті.

Кеңсе меңгерушісі Э.К.Жансултанова  Қазақстан тәуелсіздік жылдары ішінде ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау аясында әлдеқайда алға жылжығанын атап өтті. Күнделікті өмірдегі әйелдердің әл – ауқаты қоғамға жақсы жағынан әсер ететіндігі және жалпы алғанда адамзат дамуының көрсеткіші болып табылатындығы айтылып, әйелдерді зорлық – зомбылықтан қорғау бойынша сұрақтарға ерекше назар аударылды.

Сонымен бірге, семинар сабағында гендерлік саясат концепциясының негізгі қағидалары мен тапсырмалары туралы сөз қозғалды.

 

Катонқарағай аудандық сотының баспасөз қызметі