«Казақстандағы халықтардың тілдер күні»

Қыркүйек айында қазақстандықтар «Казақстандағы халықтардың тілдер күнін» атап өтеді. Қазырғы уақытта мемлекеттік тілдің мәртебесі жоғары. Тілдің дамуы-мемлекеттік саясаттың ең басты бағыттарының бірі. Мемлекеттік тіл саясатының толық жүзеге асуы және оның жүзеге асыру әр азаматтың  ортақ мәселе  болғанда ғана бұл мақсатқа жетеміз. Тілдер күнін атап өту бұл бірлігіміздің және татулығымыздың белгісі.

6 қыркүйек күні Катонқарағай аудандық Достық үйінде аталмыш мерекеге орай салтанатты жиын өткізілді. Мемлекеттік тілді зерттеуде белсенді үлес қосқан үшін тілдерді зерттеу курсыларын тыңдаушылар грамоталармен марапатталды. Аталған тыңдаушылардың ішінде Катонқарағай аудандық сотының бас маманы Ш.К.Темиржанова марапатталды.

Катонқарағай аудандық сотының баспасөз қызметі.