Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және аталмыш бөлімге қарасты мекемелердің ұйымдастыруымен 2019 жылдың  5 қыркүйегінде  «Қазақстан халқы тілдері» мерекесіне орай «Тілі басқа болса да тілегі бір» атты Тілдер фестивалі өткізілді.Фестиваль мақсаты: кең байтақ қазақ елін мекен еткен этностардың  тілін насихаттау  және мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру. Аудан деңгейінде өткен бұл шараға аудандық мәслихат хатшысы Д.Бралинов, «НұрОтан» партиясы филиалының төрағасы Қ.Сәдуов, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Р.Нұрмолдин қатысып, қонақтар мен түрлі этнос өкілдерін мерекелерімен құттықтады, аудандық «Мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту орталығы» тыңдаушыларын мемлекеттік, орыс, ағылшын  тілін  игерудегі ерекше жетістіктері үшін  Мадақтамалармен марапаттады. Шара барысында қазақ, орыс,украйн,татар, неміс ұлттарының фольклорлық топтары туған тілдерінде және  Достық үйінің жанындағы «Аманат» тобының орындауында, аудандық  мәдениет және халыққа қызмет көрсету орталығы артистерінің орындауында тіл тақырыбында әсем әндер орындалып, көпшіліктің көңілі бір көтеріліп қалды. Фестиваль мазмұнды өтті.