«Сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын-алу» тақырыбында семинар өткізілді

Катонқарағай аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын-алу» тақырыбында семинар өткізілді. Аталған іс-шараға судьялар, сот мамандары, құқық қорғау органдарының өкілі қатысты.

Семинар барысында бас маман Ш.К.Темиржанова әрбір мемлекеттік қызметкердің басты мақсаты сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын-алу болып табылатындығын атап өтті.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу тек нақты бір сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылық фактілірдің анықтау ғана емес. Сондай-ақ, негізгі назарымызды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетімізді қалыптастыруға, қоғамдық бақылауды күшейту және сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептермен жағдайларды жою болып табылады.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір бөлісті.

Катонқарағай аудандық сотының баспасөз қызметі