Катонқарағай № 2 аудандық сотында мемлекеттік тілді қолдану тақырыбында семинар сабағы өтті

Катонқарағай №2 аудандық сотында жоғарыда аталған тақырыпта семинар өтті.

Іс шараға соттың мамандары, Катонқарағай аудан прокуратурасының және Мемлекеттік Ұлттық тәбиғи паркінің өкілдері қатысты.

Өз сөзінде соттың кеңсе меңгерушісі Ж.Труханова  мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заңнама тілі. Отаншылдық, рухани мұраға, мәдениетке, халықтың дәстүрлеріне құрмет қазақ тілін білу арқылы қалыптасады деп айтып өтті.

Содан кейін, семинарға қатысушылардың назарына баяндама жасалып, бұл баяндамада -мемлекеттік қызмет және мемлекеттік тілдің дамуы билік органдарының мемлекеттік саясатты жүзеге асыру құрылымдарының бірі екені, сондықтан әрбір азамат өзінің мемлекеттік тілін білуге міндетті екені және біздің міндетіміз-тілді қолдану деңгейін арттыру, мемлекеттік тіл мемлекеттің барлық аумағында қолданылатыны, сондықтан мемлекеттік тіл жоғары деңгейде болуы тиіс деп айтылған.  

«Тіл туралы» заң тiлдердi қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеп отырады. Мемлекеттік тілді білу-ұлттық қауіпсіздікті, әлеуметтік тұрақтылықты және еліміздегі  азаматтардың бірлігін қамтамасыз ететініне де тоқтала өтті.

Семинар соңында қатысушылар өз пікрілерімен бөлісіп, іс шара барысында туындаған сұрақтарға жауаптарын алды.

Катонқарағай № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі