Катонқарағай ауданының №2 сотында күзет қызметкерлерінің қатысуымен семинар сабағы өтті

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында жоғарыда көрсетілген тақырып бойынша семинар өтті.

Семинарға соттың приставы Ж.Хамитов және күзет қызметкерлері қатысты.

Іс шараның мақсаты- «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заңының талаптарын түсіндіру.

Сот приставы Ж.Хамитов семинар тақырыбы бойынша баяндама жасап,  өз баяндамасында терроризмге қарсы тұрудың проблемалары мен міндеттеріне, бақылау-өткізу режимінде белгіленген талаптарды сақтауға тоқталды.

Семинар соңында ол заңның барлық талаптарын қатаң сақтау қажеттігін атап өтіп, сот ғимаратындағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.

Катонқарағай № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі