Марал өсірушілердің Халықаралық семинары

Өткен аптаның аяғында Катонқарағай мемлекеттік табиғат қорғау паркінің ғимаратында Катонқарағай ауданының әкімі Ренат Тілеуханұлы Құрмамбаевтың төрағалығымен марал өсірушілердің дәстүрлі семинары өтті. Семинарға ауылдық округ әкімдері, Шығыс Қазақстан облысының марал шаруашылықтарының басшылары, ауданның мемлекеттік органдары мен дербес бөлімдерінің басшылары қатысты. Халықаралық семинарды аша отырып, Ренат Тілеуханұлы, -статистикалық мәліметтер бойынша бүгінгі күні 11 шаруашылықта 4,3 мың маралдар мен теңбіл бұғылар бар, олардың саны бойынша Катонқарағай ауданы облыс пен республика бойынша алдыңғы орында. Жыл сайын ауданның марал шаруашылықтарында 4 тонна шикі немесе 2,0 тонна консервіленген көлемінде пантылар өндіріледі. Бүгінгі күні ауданның 6 марал шаруашылығы асыл тұқымды мәртебесіне ие. Соңғы үш жылда, марал шаруашылығын қолдауға республикалық бюджеттен 83,3 млн теңге субсидия бөлінді. Мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес, ауданның марал шаруашылығы 2018 жылы 12 млн.теңге субсидия алды. Марал шаруашылығын дамыту үшін 11 пантымен емдеу орны үлкен рөл атқарады, соның арқасында ауданда емдеу-сауықтыру туризмі табысты дамып келеді.  Ақсу ауылдық округінің Ақсу ауылында марал шаруашылығы өнімдерін биологиялық белсенді қоспаларға пантарды, балды, жабайы өсетін шөптерді қолдана отырып өңдеу бойынша "Ақсу ДЭЕН" АҚ-ның шағын цехы жұмыс істейді.Осындай өнімді Қазақстан бойынша "Катонқарағай теңбіл бұғы паркы" және "Баян"шаруа қожалықтары өндіріп сатады,-деді. Содан кейін, ауданның марал өсіру шаруашылықтарының ағымдағы жылдың І жартыжылдығындағы жұмыстарының нәтижелері қорытындыланды. Семинарда "Марал шаруашылығын дамыту, өнімді қайта өңдеу және саланың әлеуетін тиімді пайдалану перспективалары" тақырыбында Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы директорының ғылым жөніндегі орынбасары, республикалық марал–бұғы шаруашылығы Палатасының төрағасы Тоқтаров Нұрлан Зейнелұлы баяндама жасады. Семинарға қатысушылар Қытай Халық Республикасының Чань-Чунь қаласындағы сирек кездесетін жануарлар институтының марал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, профессор Ксю Сю Мейдің "Қытай Халық Республикасында марал шаруашылығын дамыту, марал ұстау және азықтандыру практикасы" тақырыбындағы баяндамасын қызығушылықпен тыңдады.Семинар барысында марал шаруашылығы басшыларының қойған сұрақтарына мемлекеттік органдардың мамандарымен  басшылары жауап берді. "Атамекен" республикалық кәсіпкерлер Палатасының атынан семинарға қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілд. Семинар соңында, Ренат Тілеуханұлы атқарушы билік пен аудан депутаттарының, сондай-ақ марал шаруашылығы басшылары атынан Нұрлан Зейнелұлы мен Қытай Халық Республикасының профессоры Ксю Сю Мей ге арнайы келып және пайдалы семинар үшін алғысын білдіріп, оларға зор денсаулық және Катонқарағай ауданы үшін сапарлы карточкасы болып табылатын марал шаруашылығы саласын дамытуда шығармашылық табыс тіледі. Іс-шара соңында Катонқарағай ауылдық мәдениет үйінің әртістері семинар қатысушыларына концерттік бағдарламаларын ұсынды. Содан кейін семинарға қатысушылар Белқарағай ауылдық округінің "Баян" марал өсіру шаруашылығына барып, марал мүйіздерін қайнату және кептіру технологияларымен танысты.

ТҰРСЫНҚАН БАЗАРБАЕВ