«Жас кәсіпкер» жобасы бойынша хабарландыру

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша тегін оқытуға қала және аудан  тұрғындарын жинайды. Бағдарлама ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға бағытталған. Ауыл тұрғындарын ­– NEET категориясындағы жастар (29 жасқа дейін), жас отбасы мүшелері, аз қамтылған көпбалалы отбасы мүшелері, аз қамтылған еңбекке қабілетті мүгедектерді оқуға шақырамыз.

Бағдарламаға қатысу үшін тестілеуден өту керек, соның қорытындысы бойынша топқа іріктеу жүргізіледі. Қызығушылық танытқандар кәсіпкерлер палатасының филиалдарына  жүгіне алады, сонымен бірге өтініш пен сауалнама толтырады. Өзімен бірге жеке куәліктің көшірмесі; мекен-жай анықтамасы; өтініш; үлгіге сәйкес толтырылған сауалнама парақшасы болуы керек.

Оқу ұзақтығы – 3 апта. Бірінші кезең бойынша тестілеу 2019 жылғы 22-23 шілде аралығында өтеді.   Оқу 2019 жылғы  24 шілде –9 тамыз аралығында жүргізіледі.

Бағдарламаға қатысушыларға шәкіртақы төленеді және курс бітірушілеріне сертификаттар беріледі.

Сұрақтар туындаған жағдайда http://atameken.kz/ сайтында немесе 87234121405  байланыс телефонына хабарласып, Катон-Карағай ауданы , Улкен Нарын аулы Абая көшесі 2а кеңес алуға болады.