1 маусым- балаларды қорғау күніне арналған «Балалардың күлкісі- көркі, сәні әлемнің» тақырыбындағы шарадан ақпарат

«Мүмкіндігі шектеулі балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектерге және қарт азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету  жөніндегі Катонқарағай аумақтық орталығы» КММ 1 маусым- балаларды қорғау күніне арналған «Балалардың күлкісі- көркі, сәні әлемнің» тақырыбындағы шарадан ақпарат

31 мамырда «Мүмкіндігі шектеулі балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектерге және қарт азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету  жөніндегі Катонқарағай аумақтық орталығы» КММ –де балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара өткізілді. Мекеме ауласы мерекеге сай безендіріліп, кеме макеті жасалды. Балдәурен кемесінің капитандары бейнесіндегі жүргізушілер саяхатты бастап, көңілді музыка әуенімен қызмет алушы балалар ортаға шақырылды. Мерекеге ата –аналар, қонақтар, мекеме мамандары қатысты. «Ақ тілектер» аралында ішкі саясат, мәдениет және тілдер бөлімінің басшысы Нурмолдин Рауан Камбарұлы балаларды мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Шығармашылық үйі директорының міндетін атқарушы Жылкайдарова Нурила Тоқтамұратқызы аумақтық орталық пен шығармашылық үйі тығыз байланыста жұмыс атқарып келе жатқанын, шығармашылық үйіне қатынайтын балалар түрлі шығармашылық жұмыстарға қатысып, нәтиже көрсетіп жүргендігін айта келе,  «BI- Жұлдызай» корпоративтік қайырымдылық қоры Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу –әдістемелік орталығы ұйымдастырған ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған 14 халықаралық балалар шығармашылығы фестивалінің қашықтықтан өткізілген «Көркем қолданбалы өнер» номинациясының жеңімпаздары Жанат Қарақат 1 дәрежелі, Бағдолла Саяны 3 дәрежелі дипломмен марапаттады. Аудандық мәдениет үйінен Байжумин Алишер «Жылайды жапырақ» әнін орындаса, Ерболов Раджан «Любите пока любится» әнін орындап, балаларға көтеріңкі көңіл сыйлады. «Достық» аралында шығармашылық үйінің кішкентай бишілері өзбек биімен көрермендердің қошеметіне бөленді.

Ал біздің қызмет алушылар флешмоб билеп, мерекені жандандырды.

«Көңілді сайқымазақтар» аралында  клоундар балалармен «Мен қандай әдемімін», «Кім жылдам?», суды түтікшемен ішіп тауысу, «Қалдарың қалай?» ойындарын ойнады. «Жұмбақтар» аралында түрлі жұмбақтар шешіп, тапқырлықтарын, жылдамдықтарын көрсетті. Мереке соңында мекеме директоры А.М.Зарлыханова біздің қызмет алушыларға үнемі қолдау көрсетіп, демеушілік жасап жүретін қайырымды кәсіпкерлерге алғысын білдіріп, әр балаға сыйлық табыстады.«Тәтті ағаш» аралында жеке кәсіпкерлер Анар мен Мерей Нурлыбековтар тәтті мақтамен  балаларды қуантты. Ата- аналар атынан Асенова Кенжегуль, Жунусов Ермухан балаларды мерекемен құттықтап, мамандарға алғыстарын білдірді. Мерекелік шара балалардың жүзіне қуаныш пен шаттық сыйлады.