«Отбасымен кітап оқимыз»  

Отбасы - әрбір адамның өміріндегі ең қымбат нәрсе. Отбасы- жақын және қымбат, біздің жақсы көретін адамдарымыз. Отбасыда біз сүйіспеншілік, жауапкершілік, қамқорлық пен сыйластықты үйренеміз. Бұл жолы кітапхана отбасылық қарым-қатынас орталығына айналды. Жыл сайын Шығыс Қазақстан облысының балалар және жасөспірім кітапханасының ұйымдастыруымен бір уақытта дауыстап кітап оқимыз деген науқан биылғы жылы «Отбасымен кітап оқимыз» деп аталып өтті. Шараға Үлкен Нарын ауылдық орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары ата-аналарымен қатысты.Тыңдаушылар назарларына балалар жазушысы Е.Елубаевтың кішкентай бүлдіршіндерге арналған өлеңдері ұсынылды. Біз осы іс-шараға сәйкес келіп, ең үздік жас оқырмандарды құрметтеуге шешім қабылдадық. Біздің жеңімпаздарымыз: бірінші сынып оқушылары Э.Постоева және Е.Бургарт «Балалар кітабінің ең үздік оқырманы» медалі және марапаттау қағазының иелері болды. «Ең білімді» деген медалінің және кітапхана іс-шараларына белсене қатысқаны үшін дипломының иесі - төртінші сынып оқушысы А.Смолянина. «Ынталығы үшін» медалі және орыс халқының балалар жазушысы Т.И.Александрованың 90 жылдық мерей тойына арналған қолөнер конкурсының жеңімпазы болып 1 сынып оқушысы  К.Зинковская аталды. Кітапсүйер отбасы болып Постоевтар жанұясы аталды. Осы отбасының ата-анасы және атасы мен әжесі алғыс хатпен марапатталды.