Жәдігерлер қоры толықтырылуда

Аудандық тарихи-өлкетану музейінің филиалы уақыт талабына сай жәдігерлер жинауда. «Ұлы даланың жеті қыры» бағдары бойынша қазақ этнографиясының жәдігерлерін жинастыру жылдық жоспардың басты міндеті болды. Қазіргі кезеңде асқа арналған 20 ыдыс - аяқ, балқарағай самырсыннан ойып жасалған 3 сандық, қазақ жауынгерінің XVIII ғ. сауыт-сайманы, жылқы терісінен жасалған 1 торсық, 1күбі музейден орын алды. Жұмыс жалғастырылуда.