«Қара сөздің һас шебері» атты Қ.Ысқақтың шығармашылығына арналған аудандық байқау өтті

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Катонқарағай ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту орталығы Катонқарағай мәдени және тұрғындардың демалу орталығымен бірлесе 5 сәуір күні Катонқарағай ауылында жерлес жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің профессоры, Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы Қалихан Ысқақтың шығармашылығына арналған «Қара сөздің һас шебері» атты аудандық байқау өткізді.
Аталмыш шараға 11 ауылдық округ қатысты. Қатысушылар байқау барысында Қалиқан Ысқақтың драмалық шығармаларынан сахналық қойылымдар көрсетті, жазушы өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтарға жауап берді және жазушының «Қоңыр күз еді» повесін латын графикасында мәнерлеп оқыды. Байқау мазмұнды өтті. Қатысушылар байқау соңында аудан әкімінің Мадақтама грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.