Салауатты өмір салтын сақтау мақсатында

Салауатты өмір салтын насихаттау бағытында 16-наурыз күні Катонқарағай аудан әкімі А.А Нұрғожиннің бастамасымен округтер арасында 45 жастан асқан ересек ойыншылардан тұратын командалар арасында қатарынан екінші жыл өткізіліп келе жатқан волейбол сайысының бесінші айналымы «Жамбыл орта мектебі» КММ-де өтті.

Жарыс соңында финалға шыққан командалар анықталды. А тобында финалға аудан әкімінің командасы мен Солдатово ауылдық округінің командасы шықты. Ақтық ойын 20 сәуір күні Дене шынықтыру – сауықтыру кешенінде өтетін болады.