Аудан әкімінің жұмыс сапары аясында

16 наурыз күні аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин жұмыс сапарымен Жамбыл округінде болып қайтты. Аудан басшысы Жамбыл орта мектебінің тыныс-тіршілігімен де танысып өтті.

Мектепте ағымдағы жылдың 14-ақпан күні Елбасының «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» жолдауы аясында ашылған кабинетпен танысты. Кабинеттің жұмысы, оның бөлімдері жайлы, болашаққа жоспары туралы мектеп оқушылары таныстырып өтті.

Келесі кезекте мектеп мұражайын аралап, көріп оқушылардың таныстырылымын тыңдады. Сондай-ақ, аудан басшысы мектепте жабдықталып жатқан IT-кабинетін, мектеп жанындағы шағын орталықтың және биология кабинеттерінің жұмыстарымен де танысы.

Сонымен қатар, аудан басшысы су басу қаупі бар кезеңіне дайындықты тексеру мақсатында Жамбыл ауылдық округінің су басу қаупі бар учаскелерді аралап көріп, қауіптің алдын алу бойынша тапсырмалар берді.