Көшпелі сабақтар

Аудандық тарихи – өлкетану музейінің филиалы 2019 жылдың жұмыс жоспарына сай «Рухани Жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларының аудан тарихына тікелей қатыстығын насихаттау мақсатында Риддер қаласының тарихи – өлкетану музейінде Катонқарағай ауданында тас дәуірінен бастап алғашқы адамдардың пайдаланған тас құралдарының коллекциясын, қола, ерте темір дәуіріне қатысты жәдігерлердің екікүндік көрмесін ұйымдастырды.
Аты әлемге әйгілі Берел қорымдары, жазушы О.Бөкей туралы баяндама жасалып, оқушыларға көшпелі сабақ жүргізілді. Бірінші күні қаланың ересек азаматтары мен Москва қаласынан келген туристермен кездесу өтсе, екінші күні қала мектептерінің әртүрлі сыныптарынан 200 ге жуық оқушылары қатысып, қойылған көптеген сұрақтардың жауабына қанағаттанып қайты. Сол сияқты Белқарағай, Рыков орта мектептерінде көрме ұйымдастырылып, тарихтан сабақтар өткізілді. Өткізілген сабақтар аудан тарихын ғана емес оның географиясын, фаунасы мен флорасын да кең түрде қамтыды.