Әйелдер құрметіне мерекелік концерт

Катонқарағай ауылдық Мәдениет үйінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі аталып өтті. Әйелдерді мерекемен құттықтауға Катонқарағай ауданының әкімі Нұрғожин Ахметкали Ахашұлы және аудандық мәслихаттың хатшысы Бралинов Дүйсен Зағыпранұлы келді.
Аудан әкімінің грамоталарымен әр-түрлі кәсіпорындағы әйелдер марапатталды: Ш.Тобулова - Ластаев атындағы орта мектебі, Г.Мажинова - Рыков атындағы орта мектебі, А.Айдарбаева - Катонқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты, Б.Жақсылықова, М.Қожаканова - «Айгөлек» балабақшасы, Ш.Карбузова - Катонқарағай ауданының № 2 ауруханасы, А.Майлханова - МҰТП, А.Орымбаева - Мәдениет үйі, А.Айтказина - музыка мектебі, М.Ошаева - Кабырга ауылының мектебі, А.Ашкенева - Алтайэнерго, қазыналы Қатонқарағай ансамбльнің мүшелері Т.Кумашева және Г.Ибраимова.
«Айгөлек» бала-бақшасының балалары, С.Ластаев атындағы орта мектептің оқушылары, Катонқарағай ауылының ерлер хоры, Мәдениет үйінің әртістерінің қатысуымен мерекелік концерт өтті. Бұл күні ерлер ғана өнер көрсетті.
8 Наурыз мерекесі тамаша өтті!