ШҚО бойынша филиал қызметкерлері «Донор күні» акциясының аясында 13 литр қан тапсырды

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиал қызметкерлерінің жұмысы әдеттегіден өзгеше басталды. Таңғы 9.00-ден қызметкерлер жұмыс орнына емес, облыстық қан орталығына барып, қан тапсырып, орталықтың қан қорын толтыруға үлес қосты.

«Акцияға қатысушылар өз еріктерімен донор ретінде қан тапсырып, мұқтаж жандарға көмектесуді мақсат етті. Осы тектес шаралар қаншама жанның өмірін аманалып қалуға мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде, қан тапсырушы донор үшін де өте пайдалы. Ағзадағы қан жаңарып, ішкі органдарға оң әсерін тигізеді. Біз көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын соза алатынымызға шын қуаныштымыз»,– дейді филиал директоры Асхат Жарылқасынов.
Қызметкерлердің әрбіреуі 350-400 мл шамасында қан тапсырды. Донациядан бұрын, қан тапсырушылар дәрігердің қабылдауынан өтіп, жалпы денсаулығын тексертті. 

«Жыл сайын қан тапсырамын. Бұл – өте жақсы іс. Біреулерге қан тапсыру қажеттілігі туындаған кезде өз еркіммен келіп, қан тапсырып тұрамын. Мен өз қан тобымды білемін және мен тапсырған қан мұқтаж адамдарға құйылып, көмектессе қуанамын»,– дейді филиал қызметкері Мария Имамәлік.

Донор болған азаматтарға жұмсалған энергия мөлшерін тез қалпына келтіру үшін тәттілер мен шай ұсынылады. Сондай-ақ орталықтан қан тапсырғандығын растайтын анықтама беріледі. Сол құжат бойынша донор  бір күнге жұмыстан босатылады немесе еңбек демалысына қосымша бір күн қосып ала алады.     

Айта кетейік акция аясында филиалдың 30-дан астам қызметкері донор болуға ниет білдірді.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҚЕ АҚ ШҚО
бойынша филиалы баспасөз қызметі