Республикалық «Қамқорлық» акциясы аясында «Меірімді жүрек» айлығы өтті

2019 жылдың 10 қаңтар-10  ақпан айларында «Чернова орта мектебі» КММ-де  Республикалық «Қамқорлық» акциясы аясында «Меірімді жүрек» айлығы өтті. Мектеп ұстаздары   аз қамтылған отбасылардан шыққан 12 оқушыға өздерінің қалауымен оқу құралдарын беріп, өз үлестерін қосты.  

Жоспар бойынша мектепте 1-11 сыныптар арасында «Жомарт жүрекке иман қонар» атты тәрбие сағаттары өткізілді.

Директордың тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары К.Кусаинова, мектеп  психологі С.Мұратбекова және сынып жетекшілер  аз қамтылған және көп балалы отбасында тәрбиеленетін оқушылардың материалдық-тұрмыстық жағдайын анықтау мақсатында үйлерін аралады.

Айлық бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес оқушылардың мектепішілік сабаққа қатысуы күнделікті тексеріліп отырылады. Бүгінгі күнге дейін себепсіз сабақтан қалған оқушы тіркелген жоқ.                          

Акция аясында ауыл спортшылары арасында волейбол ойынынан жарыс өткізілді. Волейбол жарысына 5 команда қатысты: «Чернова орта мектебі» КММ командасы, Аққайнар ауылдық округі әкімдігінің командасы, МҰТП командасы және ауыл жастарынан екі команда  болды. Жарысқа қатысқан әрбір ойыншы «Мейірімді жүрек» акциясыны байланысты қаржылай көмек көрсетті. Ойыннан түскен 12000 теңгеге  үйден оқитын

2-сынып оқушысы Ерғабыл Бақытбекке  қыстық жылы киім және баланың сұрауы бойынша ойыншық алынып берілді.   Сынып жетекшісі Г.Каирдолдина 2-сынып оқушыларымен бірге Бақытбектің үйіне барып, тәттілер берді.       

 «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің», — дейді дана халқымыз. Қамшының сабындай қысқа өмірде шама-шарқың келгенше аялы алақан мен жан жылуын аңсайтын жандарға қол ұшын бергенге не жетсін!

Осындай іс-шараға қатысып, қол ұшын берген ауыл тұрғындарына, ұстаздарға ризашылығымызды білдіріп, алғыс айтамыз.

 

«Чернова орта мектебі» КММ-сі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Кусаинова Қымбат Ерболатовна