22 өңірлік ХҚО бөлімінде жүргізуші куәлігін ауыстыруға болады

2019 жылғы 23 қаңтар

Еліміздің 11 облысы бойынша 19 аудандық және 3 қалалық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы аймақ тұрғындары жүргізуші куәлігін ауыстыра алды. Онда көлікті тіркейтін және жүргізуші куәлігін ауыстыру жұмыстарымен айналысатын аудандық әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан алу бөлімінің мамандары қызмет көрсетеді. 2018 жылы аталған аудандық ХҚО-лар арқылы 12 мыңдай көлік жүргізушісінің куәлігі берілген.

Бұл секторлар арқылы азаматтар мерзімі бітуге таяу жүргізуші куәлігін жаңасына алмастыра алады, бұл ретте тиісті емтихандарды тапсырып, медициналық тексерістен өтудің қажеті жоқ. Аймақ тұрғындары көлік жүргізу құжатын жоғалтқан жағдайда аталған ХҚО-ларда уақытша құжат ала алады. Оның жарамдылық мерзімі 1 ай, кейін «жоғалғанның орнына» белгісімен жаңа көлік жүргізу куәлігі беріледі.  

Бұл ретте көлік жүргізу құқығынан айырылған тұлғалар жүргізуші құжатын қалпына келтіру үшін тиісті емтихандарды тапсыру керектігін еске саламыз.

Сондай-ақ астаналық көлік иелерінің назарына жүргізуші куәлігін мамандандырылған ХҚО-дан бөлек Тәуелсіздік даңғ., 32 мекенжайындағы ХҚО-да алмастыруға болатынын хабарлаймыз.

Бұдан бөлек, көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру қызметінің электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асыруға болатынын еске саламыз. Бұл үшін көлік жүргізушісінің электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы шарт. Портал арқылы өтінішпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суреті де жолданып, баж салығы төленеді. Жеке кабинетке құжаттың дайын болғандығы туралы хабарлама келген соң, (мобильді азаматтар базасына тіркелген жағдайда хабарлама SMS түрінде келеді) мамандандырылған ХҚО-ға барып, дайын жүргізуші куәлігін алып кетуге болады.

Жүргізуші куәлігін ауыстыруға болатын аудандық ХҚО мекенжайлары

1.  Алматинская область:Енбекшиказахский район;

2.  Акмолинская область:Есильский район, Аккольский район, г.Степногорск;

3.  Жамбылская область: Сарысуский район, Таласский район;

4.  Восточно-Казахстанская область: Жарминский район;

5. Западно-Казахстанская область: Казталовский район, Бурлинский район;

6. Карагандинская область: Каркаралинский район, Осакаровский район;

7. Кызылординская область: Казалинский район, Жалагашский район, Аральский район, Жанакорганский район, Кармакшинский район, Шиелийский район;

8. Павлодарская  область: г.Аксу;

9.  Северо-Казахстанская область: Тайыншынский район;

10. Мангистауская область: Бейнеуский район;

11. Туркестанская область: г.Туркестан, Сайрамский район.