Аудан
әкімі
Аудан әкімі
аппараты
Аудан әкімі
бөлімдері
Ауылдық
округтер
Мәслихат
аппараты
Сатып алу
Қызмет сілтемелер
Сіздің әлеуметтік мәртебеңіз?
мемлекеттік қызметкер
бизнесмен
зейнеткер
студент
оқушы
жұмыссыз
басқа да санаттар

Жаңалықтар

Жазғы мектеп жанындағы лагерьде

Қ.Дамитов атындағы орта мектебінде мектеп жанынан құрылған демалыс лагерінде балалар тынығып демалуда.

Оқушылардың демалысы көңілді болу үшін топ жетекшілері әртүрлі шаралар ұйымдастырып отырады. «Кім көп біледі?» тақырыбымен мақал-мәтелдер сайысы, «Жұмбақтар сыры» тақырыбымен күлдіргі жұмбақтар шешу, баланың логикалық ойлауын, сөздік қорларын жетілдіру мақсатында, баланың денесін жетілдіру мақсатында қозғалмалы ойындар, «Сиқырлы жіп», «Комплименттер мен ұсыныстар», «Алақан жылуы», «Әдемі күлкімді сыйлаймын» тақырыптарында психологиялық ойындар мен тренингті мектеп психологі А.Нұғымарова күнделікті өткізіп отырады. Аудандық кітапханаға саяхат ұйымдастырылып, оқушылар ертегі тыңдап, ертегі желісінде сурет сайысын ұйымдастырып, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.

«Менің көңіл-күйім» атты шағын концерт ұйымдастырылды.

 

Аудандық білім, дене шынықтыру
және спорт бөлімі