KAZ     RUS  
 

Туған жер-алтын бесігім

2010 жылғы 14-18 шілде аралығында Катонқарағай ауданы мектептерінен жетім және ата- анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан 30 бала және демеушілер көмегімен 5, барлығы 35 бала Астана қаласына  саяхатқа барып қайтты. Оның ішінде 30 жетім балаға жалпыға бірдей орта білім беру қорынан  840 мың теңге бөлініп, 5 балаға демеушілер көмегі арқылы 140000  теңге берілді.

Балалар Астана қаласындағы: Бәйтеректі, Хан шатыры комплексін, музыкалық субұрқағын, «Думан» океанариумын, «Атамекен» этно-мемориалдық кешенін, Тәуелсіздік сарайын және қаланың тағы да басқа көрікті жерлерін аралап тамашалады.

Тамыз айында тағы да қосымша 30 баланы Астанаға саяхатқа апару жоспарланды.

 

Білім беру бөлімінің бастығы Г.Ағажаева

 

Администратор сайта - Акимгалиева Жанар Ержановна
akimat_katon@mail.ru
Телефон 8-72341-2-23-21

Copyright © 2008-2010