|
«Шығыстың ұлы адамдары» - ақпараттық хабарлама
Аудандық кітапхананың оқу залында шілденің 28 күні оқырмандар назарына «Шығыстың ұлы адамдары» атты қызықты ақпараттық хабарлама сағаты ұсынылды. Бұл шараның мақсаты жастардың туған жеріне, халқына, тарихына деген ыстық сүйіспеншілік оятып, ұлы ата-бабаларының асыл мұраларын құрметтеп, Отанына деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру.
Хабарламада күні бүгінге дейін нақтылы айтылмаған ұлы тұлғалардың өмір жолымен, ұлы тарихи оқиғаларды, Азия мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастар қамтылып, таныстырылды. Кітапханалар үшін кітап әлемінде Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінің бағдарламасы бойынша шығарылып отырған «Шығыстың ұлылары»топтамасынан оқырмандар - дарынды тұлға, ғұлама, ақын, әулие Қожа Ахмет Иасауидің өмір жолымен танысты. 13-ші ғасырда Мысыр елінде сұлтан болып, екі ірі қолға «крестілер жорығы» мен моңғол шапқыншыларына ойсырата соққы барген қыпшақ ұлы Бейбарыстың, қазақ хандығының негізін қалаған екі хан Керей мен Жәнібектің, ойшыл – ғалым, ақын, қоғам қайраткері Жүсіп Баласағұнның өмір жолдарына тоқталып өтілді. Кітапхананың оқу залында «Жаңа кітаптар» ашық кітап көрмесі ұсынылды, кітапханашылар Хамитова Р.С. және Дягилева Н.В. жаңа кітаптарға шолу өткізді.
Кітапхана меңгерушісі З.Катиева
|