|
Аудан әкімдігінің кезекті отырысы
2010 жылғы 28 шілде күні Катонқарағай ауданының әкімі А. Бекбосыновтың төрағалығымен аудандық әкімдігінің кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде аудандағы ара шаруашылығы саласының жағдайы және оны дамыту; 2010-2011 жылдардағы от жағу маусымына Катонқарағай ауданының жылу-сумен қамтамасыз ететін бюджеттік саласындағы нысандардың әзірлігі; жер телімдерін бөлу; 2010 жылғы жартыжылдықтағы бюджеттің орындалуы туралы мәселелер қаралды.
Қаралған мәселелер бойынша барлық мемлекеттік мекеме, бөлім басшыларына, ауылдық округтердің әкімдеріне тапсырмалар берілді.
Ішкі саясат бөлімінің бастығы Т.Базарбаев
|