KAZ     RUS  
 

Аудандық мәслихаттың кезекті  ХХІІІ сессиясының өтуі туралы ақпарат

2010 жылғы 28 шілдесінде Катонқарағай аудандық мәслихатының кезекті ХХІІІ сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі А.І.Бекбосынов, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтердің әкімдері, бөлім бастықтары, мекемелер мен ұжымдардың басшылары, қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық тұрғын үй, коммуналды шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  бөлімінің бастығы,  Үлкен Нарын ауылдық округінің әкімі, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің  бастықтары баяндама жасады. №3 Боран сайлау округінің депутаты Б.Қанапин, №2 Үлкен Нарын сайлау округінің депутаты Н.Шаухин, №10 Чернова сайлау округінің депутаты Р.Н.Өскембаев, санитарлық-эпидемиогиялық қадағалау басқармасының бастығының міндетін атқарушы А.С.Ибраева жарыссөзге қатысты. Барлық шешімдер бірауыздан қабылданды. Екі нормативтік құқықтық кесім қабылданды.

Аудандық мәслихаттың хатшысы Д.Бралинов

 

 

Администратор сайта - Акимгалиева Жанар Ержановна
akimat_katon@mail.ru
Телефон 8-72341-2-23-21

Copyright © 2008-2010