KAZ     RUS  
 

Оралхан Бөкей атындағы XIII облыстың көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы 

Катонқарағай ауылының Мәдениет Үйінде 15 шілде күні Оралхан Бөкей атындағы XIII облыстың көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. Байқауға Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы Манарбек Әзімбекұлы Мұхамеджанов, Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім бастығы Самарбек Әбішев, аудан әкімінің орынбасары  Қайыржан Қабышұлы Садуов қатысты.

Байқауға 19 ауданнан 15 үміткер қатысты. Проза, поэзия, драма жанрларынан өнер көрсетіп, бас жүлдені Курчатов қаласының өнерпазы Путинцева Инга жеңіп алды.Зайсандық Сатенова Зере I –орынды,II – орынды  Сейтбеков Санжар (Ұлан ауданынан), III – орынды Қанапьянова Балжан (Жарма ауданынан) иеленді.

Катонқарағай өңірінен байқауға қатысқан өнерпаз – Мұхтарханов Азат «Қара сөздің хас шебері», Тарбағатайдан Қанатова Жансая «Сахна шебері», Бородулихадан- Жұмағалиева Айгүл – «Өлең сөздің патшасы»  номинацияларын иеленді. Аудандық  «Арай –Луч» газетінің арнайы номері Оралхан Бөкей оқуларына арналып, барлық келген қонақтарға, үміткерлерге, аудан тұрғындарына таратылды. Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы – Манарбек Әзімбекұлы Мұхамеджанов, облыстық «Дидар» газетінің бөлім меңгерушісі, жазушы - драматург Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының ғалым – хатшысы, «Кітап патшалығы» журналының бас редакторы Оралхан Бөкейдің қарындасы Исақанова Ғалия Бөкейқызы, «Қазақстан» республикалық теле – радио корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты – Керейхан Олжас, Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры – Ағажаева Бақыт Кәрімқызы төрешілік етті.
Жеңімпаздарға облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының және аудан әкімі атынан мақтау грамоталары мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

 

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы
Д. Асанова

 

Администратор сайта - Акимгалиева Жанар Ержановна
akimat_katon@mail.ru
Телефон 8-72341-2-23-21

Copyright © 2008-2010