|
|
ЖАҢАЛЫҚТАР
Салауатты өмір салты-денсаулық кепілі
2010 жылғы 06 қаңтарда Үлкен Нарын және Катонқарағай ауылдарында 1993-1994 жылы туған қыздар арасында волейболдан аудандық жарыс өткізілді. Үлкен Нарын аймағынан 12 мектептен 13 команда қатысып қортындысында І орынды Малонарым, ІІ орынды Солоновка, ІІІ орынды Солдатово, IV орынды Новохайрузовка орта мектептері иеленді.
Катонқарағай аймағында сайысқа 8 мектеп қатысты. Нәтижесінде І орынды Жамбыл, ІІ орынды Өрел, ІІІ орынды Е.Рыков атындағы, IV орынды Чернова орта мектептері алды.
2 аймақтың финалдық кездесу сайыстары 2010 жылғы 12 ақпанда өткізіледі.
2010 жылғы 04 қаңтарда Үлкен Нарын аумағында кәсіподақ ұйымы мүшелерінің аймақтық жарыстары өткізілді. Ерлер командасы арасында І орынды Солдатово, ІІ-орынды -Малонарым, ІІІ-орынды Балғын, ал әйелдер арасында І- орынды- Солдатово, ІІ- орынды Новохайрузовка, ІІІ-орынды Солоновка орта мектептерінің командалары иеленді.
30 қаңтарда Катонқарағай аумағы бойынша өткен жарыста ерлер командасы арасында І орынды В.Ленин атындағы, ІІ-орынды -Жамбыл, ІІІ-орынды Шыңғыстай атындағы Әбдікерім, ал әйелдер арасында І- орынды- В.Ленин атындағы, ІІ- орынды Е.Рыков атындағы, ІІІ-орынды Топқайың орта мектептерінің командалары иеленді.
|