|
ЖАҢАЛЫҚТАР Елбасы Жолдауына орай Президент Н. Ә. Назарбаев өткен жылғы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауында Үкіметке әкімдермен бірге жұмыс істеп тұрған оқу орындарының негізінде мамандарды қайта даярлауды тапсырған. Елбасымыздың биылғы Жолдауында да кәсіптік-техникалық білім берудің назардан тыс қалмағаны қуантады. Біздің кәсіптік лицейде осы бағытта көптеген жұмыстар істелуде. 2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша КЛ – 22-де 130 адам даярлықтан өтті. Оның ішінде 16 газэлектрдәнекерлеуші, 15 электромонтер, 7 тракторшы-машинист, 13 ЭЕМ операторы, 15 аспаз, 39 жүргізуші, 25 жылу қазандығының машинистері даярланды . Осы мамандықтармен қатар, қазір 2010 жылы адамдарды тас қалаушы, сылақшы, сырлаушы, бетон құюшы және наубайшы мамандықтары бойынша оқытуға лицензиялау жүріп жатыр. «Жол картасы» бойынша оқытуға жоғары білікті оқытушылар тартылуда. Олар – КЛ-22-нің ардагері И. И. Базалеев, Н. Ж. Жувашев, С. М. Мамаділов, Ж. М. Нұрғалиева, Б. К. Қазанова, С. Н. Мәненов, А. А. Абрайымов. «Жол картасы» бойынша кадрларды даярлау жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, ауылдық округтер әкімдерімен тығыз байланыста жүргізіледі. Кәсіптік лицейдің материалдық-техникалық базасын ары қарай нығайта түсуді жоспарлаудамыз. «Жол картасы» бойынша 2010 жылға өрт дабылы жүйесін орнату үшін 4млн 975 мың теңге бөлінді. Жобалық-сметалық құжаттары жасалып қойды.
Геннадий Шаньшин, КЛ-22-нің директоры.
|





