|
ЖАҢАЛЫҚТАР Аудан әкімінің қорытынды есептік кездесуі
Сессияда Катонқарағай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2009 жылғы қорытындылары және 2010 жылғы міндеттері туралы есеп беру баяндамамен аудан әкімі С. З.Зайнулдин сөйледі. Аудан әкімі өзінің есеп беру баяндамасында 2009 жыл ішінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысына және атқарушы органдардың алдында тұрған 2010 жылға арналған міндеттерге, сондай-ақ, ауылдық округтердің жетістіктері мен өзекті мәселелеріне тоқталды. Сессияда аудандық маслихаттын депутаты Б.Н. Тоқтаганов, еңбек ардагері И.И. Базалеев, №1 медициналық бірлестігі директорының орынбасары С.М.Жаксылыкова, Ново-Березовка орта мектебінің мұғалімі, жас маман Ш.Черниязова, жеке кәсіпкер Г.М.Ибраева сойледі. Жарыссөзге шығып сөйлегендер аудандағы 2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы, ауылдарды көркейту, мәдениет ошақтарын қайтадан қалпына келтіру, жолдарды жөндеу, ауылшаруашылығы туризм және кәсіпкерлікті дамытудағы атқарылған ауқымды жұмыстарға ризашылығын білдірді. Сессия жұмысына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы Ж.Шаянбаев қатысты. Аудан әкімінің есеп беруі кезінде бейнефильм мен слайд көрсетілді. Сессияның сонында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы көрсетілді.
|






2010 жылғы 29 қаңтарда Үлкен Нарын ауылындағы орталық мәдениет үйінде Катонқарағай аудандық мәслихатының кеңейтілген кезектен тыс 19 сессиясы өтті. Сессияға депутатар, ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік мекеме ұйымдардын қызметкерлері, соғыс және еңбек ардагерлері, зейнеткерлер, шаруа қожалықтарының басшылары, қоғамдық ұйымдардын өкілдері қатысты.