|
ЖАҢАЛЫҚТАР Катонқарағай және Аққайнар ауылдық округтерінде аудан әкімі С.З.Зайнулдиннің есеп беру кездесуінің өтуі 2010 жылғы 28 қаңтарда Катонқарағай және Аққайнар ауылдық округтерінде аудан әкімі С. З.Зайнулдиннің тұрғындармен есеп беру кездесулері өткізілді. Есептік кездесулерге барлық денгейдегі елді мекеңдердің тұрғындары қатысты. Мемлекеттік рәміздермен рәсімделген акті залдарында аудан әкімі тұрғындармен сұхбат жүргізді. Аудан әкімі өзінің есеп беру баяндамасында 2009 жыл ішінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысына және атқарушы органдардың алдында тұрған 2010 жылға арналған міндеттерге, сондай-ақ, ауылдық округтердің жетістіктері мен өзекті мәселелеріне тоқталды. Ауылдардың жиындарына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы Ж.Шаянбаев, аудандық мәслихаттың хатшысы – Д.Бралинов, аудан әкімінің орынбасары Қ.Сәдуов, бөлім басшылары қатысты. Аудан әкімінің есеп беруі кезінде бейнефильм мен слайд көрсетілді. Ауыл жиындары аяқталғаннан кейін ауыл көркемөнерпаздары тарапынан концерттер ұйымдастырылды.
|





