|
|
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Жол картасы» жобасын жүзеге асыру
Катонқарағай ауданының «Жол картасы» жобасын жүзеге асыруға барлығы 15183,2 мың теңге қаржы қарастырылған, соның ішінде 12331,0 мың теңге республикалық бюджеттен, 2852,0 мың теңге жергілікті бюджеттен, бүгінгі күнгі бөлінген қаржыдан 11861,2 мың теңге игерілді. Қаражат толық игерілді.
Жол картасы шеңберінде 4 жоба жүзеге асырылды. Жоспарға сәйкес қосымша 150 жұмыс орны ашылды, соның ішінде 120 орын жұмыспен қамту бөлімінен жіберілді. «Жол картасы » бойынша 26 адам жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарына 63 адам жіберілді.
Жол картасын жүзеге асыру мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарына 5612,0 мың теңге бөлінді. Тамыз айы бойынша жоспарланған 1500,0 мың теңге толығымен игерілді. Жастар тәжірибесіне жылына- 1800,0 мың теңге мөлшерінде қаражат бөлінді. Бүгінгі күні тамыз айына бөлінген қаражат 300,0 мың теңге толығымен игерілді.
Жол картасы бойынша 146 жұмыссыз азаматтарды даярлау және қайта даярлау курстарында оқыту үшін Большенарым ауылындағы 22 кәсіптік лицейде қысқа мерзімді курстар ашылған 99 жұмыссыз адамды оқытып жатыр. Соның нәтижесінде 5 кәсіптік топ құрылды. Олар: тракторист-машинист-15адам , электромонтер-16адам, газоэлектродәнекерлеуші-18адам, жылу қазандық машинист-25адам, жүргізуші-25адам.
Қыркүйек айында қосымша Жол картасы бойынша қысқа мерзімді жаңа курстар ашылады. Олар: ЭЕМ операторы, аспаз, жүргізуші.
Апта сайын қысқарған жұмыс орындарының және ашылған жаңа жұмыс орындарының мониторингі жүргізіліп, бұл жөнінде облыс басқармасына апталық есептер жіберіліп отыр.
Жұмыс берушілердің берген мәліметтері бойынша бос лауазымдық жұмыс орындары аудан әкімінің веб-сайтына, жұртшылық қолжеткізу пунктерінде және аудандық газетте жарияланады. Барлығы Жол картасы бойынша аудандық газет бетінде 14 мақала жарияланды, әкімнің веб-сайтында -7 ақпарат орналасты. Жол картаны халыққа түсіндіру мақсатында ауданда 2 билборд, 32 баннер орналастырылған.
Жұмыссыздықтың өсуін болдырмау мақсатында, жұмысшылардың еңбек құқығы мен кепілдіктерін, жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз ету туралы аудан әкімдігі мен өндірістік кооперативтің басшыларымен, шаруа қожалықтары, шағын және орта бизнес субъектілерімен, ЖШС директорларымен 291 меморандум жасалып, қол қойылды .
Жол картасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу әлі жалғасуда.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы Д.Чукубаева
|