Азаматтар үшін

Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткізудің тәртібі, соның ішінде оларды өткізуге рұқсат берілген орындар туралы ақпарат

Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткізудің тәртібі «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2123  Заңымен (ары қарай Заң) реттеледі.
Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу үшін өтiнiш оны өткiзу белгiленген датадан кемiнде он күн бұрын өткізілетін орны бойынша Шығыс Қазақстан облысының қалалар мен аудандарды әкімдіктеріне жазбаша нысанда берiледi.
Өтiнiште шараны өткiзудің мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген датасы көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi оның Шығыс Қазақстан облысының қалалар мен аудандар әкімдіктерінде тiркелген күнiнен бастап есептеледi.
Сонымен бірге,  Заңның 10-бабы бойынша, мәслихаттар жергiлiктi жердегi жағдайларды ескерiп және осы Заңның талаптарына сәйкес жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткiзу тәртiбiн қосымша реттей алады.
2016 жылы Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай аудандық мәслихаттының «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы» 18.03.2016 ж. № 39/313-V шешімдер қабылдады, оңда бейбіт жиналыстар, митингтер, пикеттер, демонстрациялар және шерулер өткізуге арналған орындар бекітілді (1 кесте).
Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі келесі талаптардың сақталуын көздейді.

  1. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.  
  2. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтайды.
  3. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:
    1. көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;
    2. елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;
    3. ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдардың рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;
    4. шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;
    5. жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;
    6. өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;
    7. егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы  Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса, оларды өткізуге жол берілмейді.
  4. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізілетін жерлерде алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың үйлестіктерін пайдалануға; қоғамдық тәртіпті бұзуға, қоғамға қарсы мінез-құлыққа және басқа құқық бұзушылыққа шақыратын транспоранттар, ұрандар, басқада материалдар пайдалануға (визуалды, аудио/видео), сондай-ақ, көпшілік алдындағы сөздерге жол берілмейді.
  5. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес өткізілуі тиіс.
  6.  Пикет өткізу кезінде:
    1. пикет өткізу объектісінің жанында тұруға, отыруға;
    2. көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;
    3. қысқа ұрандар айтуға, пикеттің тақырыбы бойынша ұрандар айтуға рұқсат етіледі.
  7. Пикетті тұрпатын өзгерту/өзге түрде жалғастыру үшін митинг/жиналыс/шеру жергілікті атқарушы органның (облыстық маңызы бар қаланың) белгіленген тәртіптегі рұқсатын алу қажет.
  8.  Бұқаралық шараларды темiр жол су және әуе көлiгiнiң объектiлерiнде, сондай-ақ мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (қалалық қоғамдық көлiк, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында өткiзуге жол берiлмейдi.
  9.  Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы өкiлiнiң талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары тарапынан жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату бойынша қажеттi шаралар қабылданады.
  10. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

1 кесте. Катонқарағай ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу келісілген шартты орындардың тізімі

 

Қала/аудан Бейбіт жиналыстар, митингтер, пикеттер өткізуге рұқсат берілетін шартты орындар, шерулер мен демонстрациялардың маршруттары
  1.  
Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылы:
Орын: Аудандық Мәдениет үйінің жанындағы алаң.
Маршрут: Абылайхан көшесінен бастап Ш.Тумашинов көшесінің бойымен аудандық Мәдениет үйінің жанындағы алаңға дейін.

 

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 05-04-2019