ҚР"Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңы және мемлекеттік бағдарламалар

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарынын есепке қою тәртібі
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде тұрақты тұратын және:

  1. Ұлы отан соғысының мүгедектерді мен қатысушыларына
  2. Көп балалы жанұяларға
  3. Жетім балаларға, ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
  4. Халықтын әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын Қазақстан Республикасының азаматтары.
  5. Мемлекеттік қызметкерлерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға.
  6. жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заннамасында белгіленген тәртіппен апаттық жағдайда деп танылған азаматтарға жататын Қазақстан Республикасының азаматтары есепке қойылады.

Бұл тізімдер бойынша қазіргі уақытта барлығы 251 адам есепке қойылған. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан мұқтаж ететін көп баблы отбастары – 30, аз қамтылған әлеуметтік қорғалатын азаматтардың есеп тізімі бойынша – 66 адам тіркелген, баспанасы апаттық болып танылған азаматтардың есеп тізімі бойынша –5 адам тіркелген, бюджеттік қызметкерлері мен әскери қызметкерлердің есеп тізімінде – 43 адам тіркелген. Бұл тізімдер аудан әкімінің орынбасары Д. Тумашиновпен бекітілген.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың есеп тізімдемелері бойынша 2019 жылдың 12 қарашасы жағдай бойынша  ақпарат
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу бойынша 6 есеп тізімдемесі жүргізіледі.

  • Мемлекеттік тұрғын үй қорынан мұқтаж ететін көп бабалы отбастары тізімдемесінде – 30 азамат;
  • Мемлекеттік тұрғын үй қорынан мұқтаж ететін жетім балаларға, ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 107 азамат;
  • Мемлекеттік тұрғын үй қорынан мұқтаж ететін аз қамтылған әлеуметтік қорғалатын азаматтардың есеп тізімдемесінде – 66 азамат;
  • Мемлекеттік тұрғын үй қорынан мұқтаж ететін мемлекеттік қызметкерлер, басқа бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметкерлер есеп тізімдемесінде – 43 азамат;
  • Мемлекеттік тұрғын үй қорынан мұқтаж ететін ҚР заңнамалығымен белгіленген тәртіпте баспанасы апаттық болып анықталған, азаматтардың есеп тізімдемесінде – 5 азамат тіркелген;
  • Мемлекеттік тұрғын үй қорынан мұқтаж ететін ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің есеп тізімдемесінде тіркелгендер жоқ.

 Катонқарағай ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанаға зәру азаматтарды кезек пен есепке қою жөніндегі ақпарат
1. Аталған қызметті өткізу процедуралары:
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанаға зәру азаматтарды есеп пен кезекке қою үшін халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласып арыз жазады, сонан соң қажетті құжаттар жиналған соң (құжаттар тізімі қоса беріледі), аудан әкімінің орынбасарының төрағалық етуімен аудан әкімінің жанында құрылған тұрғын үй комиссиясына қарауға беріледі. Тұрғын үй комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарап болған соң, арыз иесін кезекке қойып ол жөнінде жазбаша жауап береді.

2.  Қажетті құжаттар тізімі:

- арыз;
- азаматтың отбасы жөнінде анықтама  қажет жағдайда арыз иесі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес, жергілікті атқару органдарынан басқа отбасы мүшелерін тану туралы анықтама;
- арыз иесі мен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің тұрғын үйлеріне жеке меншік иелігіне құқығы жоқтығы жөнінде анықтама;
- әлеуметтік қорғау органының арыз иесінің (отбасының) әлеуметтік қорғауға жататындығы немесе мемлекеттік қызметкердің, бюджет мекемесінің жұмысшысының, әскери қызметкердің жұмыс (қызмет) орнынан анықтама;
- денсаулық сақтау мемлекеттік мекемесінен отбасында  аурудың ауыр түрімен ауыратын (егер отбасында ондай адам бар болса), қосымша бөлмеге құқығы бар азамат туралы анықтама;

3. Катонқарағай ауданы бойынша  аталған қызметті көрсететін мекеменің мекен-жайы, телефоны:  
Шығыс Қазақстан облысы,
Катонқарағай ауданы,
Үлкен Нарын ауылы,
Абылайхан көшесі,  87 үй,  
телефон: 2-18-78

 

О программе «Бақытты отбасы – Счасливая семья»

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарын қолдау мақсатымен «Бақытты отбасы – счасливая семья» бағдарламасы «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Осы бағдарламаның мақсаты төмен табысты отбасыларына тұрғын үй алуға төмен сыйақылы несие беру болып табылады. Бағдарлама шеңберінде тұрғын үй сатып алуға үш санаттағы азаматтар мүмкіншіліктері бар:

  1. көп балалы отбасылар 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар және 23 жасқа толған, бірақ жоғары оқу орындарында, колледждерде немесе басқа да оқу орындарында күндізгі білім алудағы балаларды қоса алғанда.
  2. кәмелетке толмаған балалары бар толық емес отбасылар (неке бұзылған сәттен бастап үш жылдан кем емес уақыт өткенде).
  3.  денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеуші отбасылар.

Несие сомасына сыйақы мөлшерлемесі 2 пайыз құрайды. Ең төменгі бастапқы жарна қарыз сомасының 10 пайызын құрайды. Несиелендіру мерзімі – 19 жыл. Сатып алынатын тұрғын үй аудан аумағында орналасуы қажет. Ауылдық елді мекені үшін несиенің сомасы 7 млн теңге.
Аталған бағдарламаға қатысу үшін кезекте тұруы шарт және отбасының әрбір мүшесіне шаққанда соңғы 6 айда айлық табыс мөлшері бір айлық ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерінен аспауы тиіс. 2019 жылы ЕТЖ – 42 500 теңге.

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 19-11-2019