Коммуналды шаруашылық

 

kn Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары *.doc 72 Kb
kn Жоба Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы *.doc 25 Kb

Ауданның тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-шаруашылық нысандарының 2017-2018 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы ақпарат

Ағымдағы жылы алдағы жылыту маусымына тіршілігін қамтамасыз ету нысандарын сапалы және уақтылы жылумен қамтамасыз ету мақсатында аудан бойынша әкімшілік-шаруашылық, әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй нысандарын 2017-2018 жылдардағы күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындау барысын ұйымдастыру және бақылау бойынша аудандық штаб құрылды. Барлық бюджеттік мекеме, ұйымдарында, жылумен және сумен қамтамасыз ету нысандарына сәйкес іс-шаралар әзірленіп, жұмыстардың орындалу мерзімі келісілді.
Бекітілген іс-шараларға сәйкес жылыту маусымының басында ауданда 5 коммуналдық қазандықты, 13,1 км жылыту және 128 км су құбырлар жүйесін, 33 су қысымды ұңғыманы қысқа дайындау және жөндеу қажет. 13 көппәтерлі тұрғын үйлерді, 47 денсаулық сақтау, 42 мәдениет және 43 білім беру нысандарын жылу қабылдауға дайындау қажет. Алдағы жылыту маусымына тас көмірдің нормативті шығыны 24754 тонна анықталды, соның ішінде: бюджеттік мекеме нысандарына 1370 тонна, жылу қазандықтарына 11 384 тонна, ауылдық округінің мәліметіне сәйкес тұрғындарға 12 000 тонна. Өрел орта мектебінің қазандығына 660 тонна  тас көмір жеткізілді. Катонқарағай ауданының 5 коммуналдық қазандықтарын қазан-желтоқсан айларына 4360 тонна 50,0 млн.тенге құрайтын облыс әкімі резервінен бөлінді.

Есептеу аспаптарын орнату туралы ақпарат

Аудан бойынша жалпы тұрғын үйлерге арналған  суық суды есептеу аспаптарына қажеттілік-190 бірлік, соның ішінде: жеке тұлғаларға 147 бірлік, бюджеттік мекеме нысандарына-30 бірлік, басқа да нысандарға-13 бірлік.
Жалпы тұрғын үйге қажетті жылу энергиясын есептеу аспабына  қажеттілік-30 бірлік, соның ішінде: көппәтерлі тұрғын үйлерге-7 бірлік,  бюджеттік 
2017 жылғы 25 қыркүйектегі  жағдай бойынша бюджеттік мекеме нысандарына 30 бірлік  суық су есептеу аспаптары, басқа  заңды тұлғаларға-2 бірлік, тұрғындарға-43 бірлік орнатылды. Барлығы 75 бірлік, қажеттіліктен 39,4 %-ды құрайды.

 

Парақтар өзгертілді: 05-10-2017