Денсаулық сақтау


«Катонқарағай ауданының орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны


kn Денсаулық сақтау саласы қызметкерінің этикалық кодексі (*doc 44 KB)

«Катонқарағай ауданының орталық аудандық ауруханасы»

 

Медициналық мекеме туралы
ШҚО денсаулық сақтау басқармасының «Катонқарағай орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (әрі қарай – ШЖО ДСБ «ОАА» КМҚК ) ұйымдастыру-құқықтық түрінде медициналық қызмет көрсету үшін құрылған заңды тұлға мәртебесі бар мекеме болып саналады.
Бұл мекеме Катонқарағай ауданының тұрғындарына амбулаторлық-емханалық және стационарлық көмек көрсету үшін құрылған.

Емдеу – алдын алу торабының құрамына кіреді:
1 аурухана ұйымы – Орталық аудандық аурухана, Үлкен Нарын ауылы, 48 төсек орынды, кеңестік –диагностикалық емхана, 3 –дәрігерлік амбулатория (ДА Алтынбел, ДА Солоновка, ДА Ново-Поляковка), оның ішінде Алтынбел дәрігерлік амбулаториясында 2 төсек орынды күндізгі стационар ашылған, сонымен қатар 3-фельдшерлі акушерлі пункт (ФАП Ново-Хайрузовка, ФАП Мало-нарымка, Солдатова), 15- медициналық пункт қызмет көрсетуде.
Ауруханаға тіркелген тұрғындарға медициналық көмекті 34 дәрігер және 108 орта буынды медицина қызметкерлері көрсетуде. Тұрғындардың дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 10 мың тұрғынға 23-ті құраса, орта медициналық персоналмен қамтылу көрсеткіші 75-ті құрайды.
Біліктілігін арттырған дәрігерлер саны 14 немесе 41% және орта медициналық персоналдың 82-і біліктілін көтерген (75,9%).

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 29.10.2012 жылғы №259 (мемлекеттік тіркеу №080640011417 06.02.2013 жылғы) шешімінің негізінде «Катонқарағай ауданының №1 медициналық бірлестігі» КМҚК –сі «Катонқарағай ауданының орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК -сіне айналған.

kn  Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері:
070900 Катонқарағай ауданы ШҚО Татаев көшесі,31.

kn Байланыс телефондары:

Бас дәрігердің қабылдау бөлімі – 872341 2-18-88
Тіркеу орны - 872341 2-23-05
Сен3м телефоны 2-11-83
Call-центр 8(7232) 701-131
Жедел жәрдем бөлімі 872341 2-14-41
Электрондық адресі:katoncrb@mail.ru

«Катонқарағай ауданының орталық аудандық ауруханасы»Мақсаты және тапсырмалар
Ұйымның миссиясы - медициналық көмектің диагностикалық, емдеу және алдын алу шаралары заманауи, білікті дәрежеде көрсетілуі.

Мақсаты:

  1. Тұрғындардың қол жетімді, уақытылы және сапалы медициналық көмекпен қамтамассыз ету;
  2.  Әлеуметтік маңызды ауруларды және ана мен бала денсаулығын жоғарылату;
  3. Шалғай орналасқан ауылды мекендердің мамандандырылған, арнайы көмек алуына жағдай жасау;
  4. Тегін медициналық көмектің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру.

Міндеті:

  • Медициналық көмектің эффективтілігін, көлемін және сапасын көтеру;
  • Тұрғындарды шұғыл, арнайы және кеңестік-диагностикалық медициналық көиекпен қамту;
  • Диагностика және емдеудің жаңа әдістерін дамыту.

Құндылықтары:

  • Қызметкер кәсіптілігі;
  • Атқарылған қызмет сапасына жауапкершілік;
  • Науқастың таңдауына деген сыйластық көзқарас.

Ұйымның қызмет түрлері:

  • Алғашқы (дәрігерге дейінгі) медико- санитарлық көмек
  • Медициналық жедел –жәрдем көмегі; медициналық қызметкермен науқасты жеткізу.
  • Диагностика: зертханалық (жалпы клиникалық, биохимиялық зерттеулер) рентгенологиялық, ультродыбыстық, функционалдық, эндоскопиялық, патологоанатомиялық.
  • Ересек тұрғындарға стационарлық медициналық көмек көрсету бөлімдері: инфекциялық, терапиялық, хирургиялық, акушер- гинекологиялық.
  • Балаларға стационарлық медициналық көмек көрсету бөлімдері: инфекциялық, неонатологиялық, педиатриялық.
  • Сараптама медициналық қызмет: еңбекке жарамдылық сараптамасы, наркологиялық сараптама.
  • Амбулаторлық- емханалық медициналық көмек, келесі мамандықтар бойынша атқарылады: терапиялық, педиатриялық, акушерлік – гинекологиялық, УДЗ, наркологиялық, терівенерологиялық, физиотерапиялық, жұқпалы аурулар, кардиологиялық, неврологиялық, офтальмологиялық, онкологиялық, стоматологиялық (терпиялық, хирургиялық), рентгенологиялық, хирургиялық,эндокринологиялық,психиатриялық, фтизиатриялық.
  • Стационар алмастыру медициналық көмек бойынша: амбулаторлық –емханалық мекемелер және бөлімдердегі стационарлар 35 төсек орын.

Аурухана қызметінің 01.01.2016 ж негізгі көрсеткіштері:

Жайылған төсек-орынның нақты саны – 48
Түскен науқастар – 1103
Шығарылған науқастар – 1113
Науқастар өткізген төсек-күн: 8355
Науқастардың емханаға жүгінуі-112694
соның ішінде мемлекеттік-101273
жеке тулғалар-11421

Диагностикалық бөлімдердің жұмысы

Рентгенологиялық зерттеулер – барлығы – 3481
Рентгенограммалар – 6039

Ультрадыбыстық зерттеулер

Зерттеулер саны - барлығы – 4762
-оның ішінде ішек-қарын қуысы -4030
- қуық жүйесі – 646
- басқалар - 86

Зертхана қызметі
Барлық зерттеулер – 267443
- гематологиялық – 65444
- биохимиялық – 30348
- микробиологиялық – 6570
- жалпы клиникалық – 144510
Физиотерапиялық кабинеттің қызметі: қабылданған науқастар саны 1213.
Физиопроцедура саны 11276. Процедуралық бірлігі- 20023,5.
Массаж кабинетінің процедуралық бірлігі 6811,5.

Стационар мен бөлімдер жайлы ақпарат:

Стационарда 48 төсек жайылған. Стационарға жатқызу шұғыл жағдайда және ауруханаға жатқызу Портал бюросы арқылы жүзеге асады. 3 қабылдау бөлімі бар: хирургия және перзентхана бөлімдеріне науқастарды қабылдау, терапия бөліміне науқастарды қабылдау, инфекция бөліміне науқастарды қабылдау. Қабылдау бөлімдерінде науқастарды госпитализациялау, амбулаторлы-емханалық кезеңде емделу мүмкіндіктеріне қатысты мәселелер шешіледі.
Соңғы 2 жылда ұйымға жас мамандардың келуі жоғарылады. Оның бір себебі аудандық әкімшілік тарабынан қолдау тапқандығы немесе аудандық аурухана жастарға «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы негізінде тұрғын үймен қамтамассыз етуде.
Аурухана ұжымы жас мамандарға кәсіби шеберлігін дамытуға барынша ықпал жасап, қолдау көрсетуде.

kn  Бос орындар
Ауруханада 01.01.2016ж мына мамандықтар бойынша бос орындар бар:
1) эндокринолог

kn  Резюмелеріңізді мына электрондық жайға жолдауларыңызғаболады: katoncrb@mail.ru
Кадр бөлімінің бастығы Тогузакова Г.Е.
Тел. (872341) 2-18-88

Парақтар өзгертілді: 22-06-2016