Салауатты өмір салты

Скрининг жүргізу кезінде келесі жұмыстар жүргізіледі:

  • антропометрикалық (бойы, дене салмағы, бел ауқымы) өлшемдер жасау;
  • артериалдық қысымды өлшеу;
  • 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70  жастағы адамдардың  көз іші қысымын өлшеу;
  • 18, 25, 30, 35, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64 жастағы адамдардың қанындағы холестерин мен глюкозаны анықтау;
  • электрокардиография – негіздемелер бойынша;
  • кардиологтың, эндокринологтың, офтальмологтың тексеруі – негіздемелер бойынша;
  • созылмалы В және С гепатиті маркерлері бойынша  қауптенетін топтардағы балалардан қан анализін алу.

Бұл зерттеулер жүрек-тамыр ауруларын, сусамырды, глаукоманы және олардың туындау қаупін, сонымен қатар гепатиттерді әлі емдеуге және  инсульт, инфаркт, зағиптық, бауыр циррозы мен обыры сияқты қатты асқынуына жол бермеуге  болатын кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Обырдың пайда болуына ықпал ететін патологиялық өзгерістерді болдырмау және ісіктерді ерте сатысында анықтау үшін мынандай тексерулерден өту керек:

kn  Әйелдер:

  • 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жастағы әйелдердің патологиялық өзгерістерін анықтау үшін жатыр мойнынан алынған жағындыны цитологиялық зерттеуден өткізу;
  • акушер-гинекологтың тексеруі, кольпоскопия – негіздемелер бойынша;
  • 50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағы әйелдердіі сүт безін рентгенологиялық тексеруден өткізу (маммография);
  • маммологтың, онкологтың тексеруі – негіздемелер бойынша

kn  Ерлер мен әйелдер:

  • 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 және 70 жастағы ерлер мен әйелдер жуан және тік ішек ауруларын ерте анықтау үшін жасырын қан бойынша нәжісті тексеруден өткізу;
  • ас қорту жүйесі мен асқазанды эндоскопиялық зерттеу;
  • хирургтың, проктологтың, гастроэнтерологтың тексеруі, жуан және тік ішектерді эндоскопиялық зерттеу – негіздемелер бойынша.

Осындай тексерулер жаппай жүргізілетін елдерде жатыр мойны, сүт безі мен жуан ішек обырынан өліп кету күрт азайған.

Қазақстанда скрининг тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне енгізілген. Скрининг Сіз тіркелген медицина мекемесінде жасалады.
Егер Сіз скринингке шақырылсаңыз – барып тексеріліңіз!

 

Здоровый образ жизни

Здоровый образ жизни

Здоровый образ жизни

 

СӨС кабинетінің дәрігері Владимир Егоров

 

Хабарлама:

kn Артериалық қысым деген не? *.doc 108 KB
kn Сарып (бруцеллез) алдын алу *.doc 112 KB
kn Қазақстан – туберкулезден азат ел! *.doc 112 KB
kn «Катонқарағай ауданының орталық ауруханасының» ШЖҚ КМК 2015 жылға денсаулық мектебтерінің жұмыс кестесі *.doc 49 KB
kn Қазақстан АИТВ - инфекциясысыз *.doc 25 KB
kn Қазақстанда туберкулез бизнесті дамыту үшін қауіп төндірмейді! *.doc 28 KB
kn «Обыр: сіз ол туралы не білесіз?» *.doc 36 KB
kn Халыққа арналған медициналық ақпараттық анықтама материалы *.PDF 321 KB
kn Артериалық қысым деген не? *.doc 63 KB
kn Кене энцефалиттінің алдын алу *.doc 31 KB
kn Дұрыс тамақтану негіздері *.doc 32 KB
kn Правила покупки и хранения лекарств *.doc 112 KB
kn Бруцеллездің алдын алу *.doc 29 KB
kn Ведомства аралық жоспар Катон-қарағай ауданы бойынша 2013 жылға арналған салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурудың алдын алу бойынша шаралар *.doc 80 KB

 

 

Парақтар өзгертілді: 27-06-2016