Денсаулық сақтау


kn ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша 100 сұрақ және жауап *.doc 314 KB
kn Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы *.doc 368 KB
kn «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» *.doc 3 MB

 

Катонқарағай ауданындағы денсаулық сақтау саласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат. 01.01.2016 жыл.

Тұрғындарды тіркеу мәліметі бойынша 01. 01. 15 жылы Катонқарағай ауданындағы тұрғындар саны-28204 адам.(статистикалық мәліметтерде 27674 адам
1-жасқа дейінгі балалар саны -240,14 жасқа дейінгілер -5439,жасөспірімдер саны 1073адам, улкендер саны 21363. Оның ішінде әйел адамдар 11848 адамды құрады.

Мекеменің емдеу және алдын алу шараларын жүргізу жүйесі.
2 Ауруханалық ұйымда тәуліктік стационарда 88 төсек-орын орналастырылған. Оның ішінде «Катонқарағай аудандық орталық ауруханасы» Комуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынында 48 төсек орын қарастырылған. Ауданаралық ауруханада сәйкесінше 40-төсек орын.
Күндізгі стоцианарда  барлығы 50 орын. Оның ішінде: Улкен Нарын ауылы Орталық ауруханасында 23 төсек орыны, Алтынбел ауылы дәрігерлік амбулаториясында 2 төсек орыны, Катонқарағай ауылында орналасқан ауданаралық ауруханада 20 төсек орыны және Өрел ауылы дәрігерлік амбулаториясында 5 төсек орыны қарастырылған.
Ауданда 6 дәрігерлік амбулатория жұмыс атқаруда (Ново-Поляковка,  Алтынбел, Солоновка, Өрел, Аққайнар, Ақсу).
Біздің ауданда 5  фельдшерлді акушерлі пункт бар. (Алтынбел, Солдатово, Мало-нарымка,Топкайын,Шыңғыстай)
Және 35  (МП) медициналық пункт орналасқан.
Ауданға 4 стоматологиялық кабинет қызымет көрсетеді. Аудан аумағында халық саны 300 ге дейін 54 елді мекен,800-ге дейін  24 ауыл, одан көп туратын ауылда саны 17.
01.12.15 ж аудандағы ауруханаларда халыққа 62 дәрігер,234 адам кызымет көрсетеді.
Дәрігерлердің халыққа қызмет көрсету көрсеткіші 10000 адамға санағанда 23,3, орта медициналық қызыметкерлер 10000 адамға 59,3 адамды құрады. Санаты бар дәрігерлер саны -28,(45%), орта мед қызыметкерлер саны -150 адам (64,1%).
01.01.16ж жұмысқа 6- дәрігер және 11 ОМҚ қабылданды. Медпунктар мен акушерлік пункттер телефонмен және автокөлікпен 100% қамтамассыз етілген.  

Скрининг қортындысы:

  1. 2015 жылдың алдын алу шараларына Катонқарағай ауданы бойынша 0-17 жас аралығында 6322 бала, оның ішінде скринингтен өткен балалар саны 6287 адам  (99,4%), 486 бала Диспасерлік есепке алынды, ол 7,7% құрайды.
  2. 2015 жылға қан-айналым жүйесінің алдын алу шараларынан 2824 адам өтуі тиіс. Қаралған адамдар саны 2823 адам (99,9%),383 адам ауруы анықталып(13%),Д –тізімге 331 адам тіркелді(86,4%).
  3. Қант диабетінің алдын ала анықтау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 100% тексеріліп 10 адамның (3,5%) ауыратыны анықталды.Оның ішінде Д есепке алынғандар саны 10 адам (100%).
  4. Глаукома алдын алу шараларына  барлығы 3149 адам қатысуы тиіс, оның 100% тексеріліп 5 адам (0,1%)  анықталып Д есепке 5 адам (100%) алынды.
  5. Жатыр мойыны қатерлі ісігінің алдын алу шараларын жүргізуге барлығы 686 әйел адам өткізіп (100%), 25 ауру Диспасерлік есепке алынды.    
  6. Асқазан қатерлі ісігінің алдын алу шараларына 1485 адам қатысты (100%), ауру табылған жоқ.  
  7. Тік және тоқ ішек қатерлі ісігін тексеру нәтижесінде 1959 адам қаралып, 1 қатерлі ісік белгісі табылды.
  8. Еркектік безі обырына  483 адам тексеріліп (100%),  жоғарғы көрсеткішпен  5 адам табылды.
  9. Сүт безінің қатерлі ісігі және ісік алды алдын алу шарасына 871 әйел адам алынып, барлығы қаралып,  200-нде ісік алды жаңа түзілімдер анықталып (22,8%), 1 қатерлі ісікке шалдыққан.


2015 жылдың қаңтары мен желтоқсанының аралығындағы стацианарлардың негізгі көрсеткіштері.

Көрсеткіштер 2014 желтоқсан 2015 желтоқсан
Емделген аурулар 3859 2469
Өткізілген күндер саны 29846 18092
Ауруларды аралау саны 116638 190836
Соның ішінде мемлекеттік 108871 179090
Жекелей 7767 11745

 

Туберкулез ауруы туралы.

2014 жылдың 12 айында 9 жаңа өкпе құрты ауруы анықталды.
100 мың адамға аурушаңдық 33,7 адамды құрады.
2014 жылдың 12 айында Д есепте барлығы 32 адам тұр.
100 мың адамға 120 аурудан келеді.

2015 жылдың 12 айында 7 жаңа өкпе құрты ауруы анықталды.
100 мың адамға аурушаңдық 26,2 адамды құрады.
2014 жылдың 12 айында Д есепте барлығы 45 адам тұр.
100 мың адамға 169 аурудан келеді.

Өкпе құртынан 2014 жылдын 12  айында -0 адамды құрады.
100 мың адамға шаққанда өлім көрсеткіші 0 болды.
Өкпе құртынан 2015 жылдын 12  айында -0 адамды құрады.
100 мың адамға шаққанда өлім көрсеткіші 0 болды.

Жаңадан табылған туб ауруларды 2015 жылы ауылдық  округтерде бөлінуі былай:Катон ауылы 4- адам,Улкен Нарында 2-адам, Алтынбел ауылында 1- адам.Осы 12 ай ішінде анықталған аурулар емделуге ДОТС бағдарламасымен жедел түрде жөнелтілген.Әлеуметтік жағдайлары:6-жұмыссыз және 1 адам жұмыс жасайды.


Онкологиялық аурушаңдық.

2014 жылдың 12 айында жаңадан 65 онкологиялық ауру анықталды, бұл 100 мың адамға шаққанда 243,3 адамды құрады.
2015 жылдың 12 айында жаңадан 53 онкологиялық ауру анықталды, бұл 100 мың адамға шаққанда 187,9 адамды құрады
2014 жылдың 12 айында асқнған белгімен 12 адам тіркелді, бұл 18,7%
2015 жылдың 12 айында асқнған белгімен 5адам тіркелді, бұл 9,43%
2014 жылдың 12 айында онкологиялық аурудан өлім 34 адам тіркелді. 100 мың адамға шаққанда 127 адам.
2015 жылдың 12 айында онкологиялық аурудан өлім 25 адам тіркелді. 100 мың адамға шаққанда 88,64 адам.  

Ана және бала өлімі.

2014 – 2015 жылдарының 12 айының негізгі көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер атауы 2014 жыл. 2015 жыл
Факт. Көрсеткіш. Факт. Көрсеткіш.
Туу 348 12,6 304 11,4
Өлім 319 10,8 323 12,1
Табиғи өсім +29 +1,8 -17 -0,6
Бала өлімі 4 11,4 1 3,2
Ана өлімі 0 0 0 0

Алдағы қызылшаға қарсы екпе егу туралы

Алдағы қызылшаға қарсы екпе егу туралыҚР ҰЭМ тұтынушылардың құқықтарын қорғау  Комитетінің  ШҚО ТҚҚ Департаменті  2015жылы 1 қазан айынан бастап  облыс аумағында 15-19 жас аралығындағы тұлғаларға   қосымша  екпе егу науқанының басталатыны туралы хабардар етеді.

Екпе егу барлық қалалардың және аудандардың екпе салатын бөлмелерінде, оның  ішінде орта және жоғары оқу орындарының, мектептердің, медициналық мекемелердің  екпе салатын пункттерінде жүргізіледі.

Республика аумағында  2012 жылдан бастап, қызылша аурушаңдығы тіркеліп отыр. Шығыс Қазақстан облысында 2014жылдың  бірінші тоқсанынан бастап қызылшаның  алғашқы жағдайлары тіркеле бастады.
Облыста 2015 жылдың  бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша зертханалық жолмен  расталған қызылшаның 290 жағдайы  тіркелген.
Ауырғандардың негізгі үлес салмағы 15 жастан  асқан тұлғаларға -54,8% және  екпе егу жасына жетпеген 1жасқа дейінгі балаларға-16,9% тиесілі. Олардың 56,6% жағдайы екпе егілгендігі туралы деректері жоқ тұлғаларға  келеді, ал 19,7% жағдайда  науқастар қызылшаға қарсы екпе алмаған.
Қызылша  аурушаңдығының ең жоғары деңгейі 2015 жылдың ақпан айына келеді,  бірақ 15-19 жас аралығында тұлғаларға қызылшаға қарсы екпе егудің  бірінші науқаны өткізілген соң, наурыз айында аурушаңдық деңгейінің едәуір төмендегені байқалды (2 еседен де  жоғары),  аурушаңдық  деңгейі ары қарай төмендеп,  осы жылдың шілде айында  мүлде  тіркелмеген.
Қызылша - адамға  ең жылдам жұғатын жұқпалы аурулар қатарына  жатады, онымен вирусты  қабылдағыш адамдардың 90% астамы  ауырады. Вирус ауа арқылы, тыныс  жолдарынан бөлінген шығындылардың тамшылары арқылы немесе вирус жұқтырған адамдармен тығыз қатынаста болғанда, олардың тамағынан немесе мұрынынан бөлінген шығындылар  арқылы жұғады.
Қызылшаға  дене қызуының 38—40 °C дейін  күрт көтерілуі,  құрғақ жөтел, дауыстың қарлығуы, тұмаурату, жарықтан қорғау, бастың ауруы, қабақтың ісуі,  көздің  және тамақтың қызаруы,  денеде бөрткендердің  пайда болуы тән.
Бөрткендер алдымен бетте, мойында, құлақтың артында пайда болады, онан әрі дененің барлық жеріне таралады.

Қызылшаның бастапқы белгілері басқа да  жұқпалы ауруларға  ұқсас болғандықтан (ЖРВЖ/тұмау, энтеровирустық жұқпалар),  бөрткен пайда болғанға дейінгі аурудың алғашқы сатысында диагноз қою  қиындық тудырады. Сондықтан қызылшамен ауырған науқас айналасындағы адамдарға бөрткен пайда болғанға дейін 4-5 күн бұрын және бөрткен  пайда болған соң 5 күн бойы  қауіпті екенін есте ұстау қажет. Вирус жұққаннан  кейін 7-18 күн бойы  аурудың дамуы байқалады.

Қызылшамен ауырған науқастардың шамамен  30%-да  бір  немесе  бірнеше асқынулар  байқалады.
Ең жиі асқынуларға  құлақтың қабынуы, өкпенің қабынуы, іш өту, соқырлық және жұқпадан кейінгі энцефалит жатады Қызылша  барлық елдерде  нәрестелердің  өлім-жітім жағдайларының негізгі себебі болып табылады.
Қызылшадан  тиімді қорғаудың  жалғыз әдісі-  тек қана екпе егу болып табылады, ҚР профилактикалық екпе егудің ұлттық күнтізбесіне сәйкес, қызылшаға қарсы екпе егу 1жаста және 6 жаста жүргізіледі.
Бірақ бүгінгі таңда вакцина туралы жиі  жаңа  аңыздар пайда болуда және  «екпе егуге қарсылық танытушылардың»  бар екені де белгілі.
Кез  келген мамандықта сауатсыз мамандар кездеседі, ондай сауатсыз адамдар зиянды аңыздарды туындатуға  қабілетті. Олардың ойлап тапқан  қорқыныштары ата-аналар жүрегінен орын алады, нәтижесінде  олардың қате ұстанымдары тұрғындарды екпе егумен қамту деңгейінің бірқатар төмендеуіне және аурушаңдықтың жаңадан өсуіне  әкеліп соқтырады.
Бірақ шынайы деректерге жүгінсек, бүгінгі таңда   медицинада қолданылатын  вакциналар ең қауіпсіз препараттарға жатады, оларды қолдану нәтижесінде барлық елдерде ертеректе он мыңдаған балалар мен ересектер ауырып, өлім жағдайларына әкеліп соқтырған  көптеген ауруларды төмендетуге, ал кейбіреуін  тіпті мүлдем  жоюға  мүмкіндік туды.

ШҚО  тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті облыс тұрғындарын қабыну белгілері бар тұлғалармен сақ болуларын сұрайды, олармен қатынас жасау қажет  болған жағдайда жеке қорғаныс құралдарын (бірреттік бетперделер)  қолдану керек екендігін еске салады.
Сондай-ақ жұқпалы аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда, бірден  дәрігерді үйге шақырту немесе  жедел жәрдем арқылы медициналық көмекке қаралу қажет.
Естеріңізде болсын, қызылшамен ауырғандар қоғамдық көлікпен  медициналық мекемеге жеткенше дейін ауруды тағы да  айналасындағы 10-12 адамға жұқтырады.
Әсіресе қызылшаға қарсы  екпе алмаған тұлғалар арасында  ауырып қалу қаупі  өте жоғары.
ШҚО ТҚҚ Департементінің  барлық  ата-аналарға    айтары-балаңызға екпе ектіруден бас тартқан жағдайда, алдымен  өз шешіміңіздің  дұрыстығына немесе қателігіне баға беру қажет!

Өзіңіздің және жақын туыстарыңыздың жағдайын ойлаңыздар!

Парақтар өзгертілді: 04-07-2017