Мәслихат хатшысы

Бралинов Дуйсен ЗагыпрановичБралинов Дүйсен Зағыпранұлы

1959 жылы 3 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 1980 жылы Өскемен педагогика институтын математика  және физика пәнінің мұғалімі, 2011 жылы Шығыс Қазақстан Аймақтық университетін құқықтану мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1980 жылы Жамбыл орта мектебінің мұғалімінен бастады.1985-1987 жылдары осы мектептің  директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 1987-2007 жылдар аралығында Жамбыл орта мектебінің директоры, 2007-2012 жылдарыІV  шақырылған Катонқарағайаудандық мәслихатының хатшысы болды.  2012 жылдың 18 қаңтарынан бастап V шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының хатшысы. 2016 жылдың 29 наурызынан VI шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының хатшысы болып қызмет атқаруда.  
Катонқарағай аудандық мәслихатының ІІІ, IV, V, VI шақырылымдардағы депутаты.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі.
«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің озық  қызметкері» төсбелгісімен,  «Парламенттің 10 жылдығы»,  «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік  медальдарымен марапатталған. «Аға мұғалім» атағы бар.


kn  Азаматтарды қабылдау уақыты: Үлкен Нарын ауылында әраптаның  сәрсенбісінде сағат 14.00-17.00 аралығында. Катонқарағай ауылында  әр айдың екінші жұмасында сағат 15.00-17.00 аралығында.
kn  Телефон: 8-723-41  2-11-39.

Лауазымдық міндеттері:
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, аудан әкімі аппаратымен бірлесе отырып, берілген өкілеттіктер шеңберінде:
- сессияның қарауына аудан әкімі жасап, бекітуге ұсынған аумақты дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, санитарлық тазалық және көркейту ережелерін, ауданды басқару схемасын, әкімдіктің дербес құрамын келісу, тағы басқа мәселелердің жобаларын енгізеді;
- тұрақты комиссияларымен, аудан әкімімен және оның аппаратымен бірлесе отырып ауданның бюджетін сессиясының бекітуіне енгізеді және жергілікті бюджет туралы шешімнің атқарылуын ұйымдастырады, бақылайды;
- тұрақты комиссияларымен бірлесе отырып мәслихаттың Регламентін жасап, сессияның қарауына енгізеді және бекітілген соң, оның атқарылуын қамтамасыз етеді;
- мәслихат сессиясы төрағасының жұмысы үшін ұйымдастырушылық-техникалық жағдайлар жасайды;
- депутаттарды, аудан әкімін және тұрғындарды мәслихат сессиясының өткізілу уақыты мен орны жөнінде, күн тәртібінің жобасы жайлы хабардар етеді, материалдарды табыстайды;
-мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді, сессия хаттамасының жасалуын қамтамасыз етеді, сессия төрағасымен бірге мәслихаттың шешімдеріне және сессияның хаттамасына, сессия бекіткен өзге құжаттарға қол қояды;
- депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруларына көмек көрсетеді, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастырады, мәслихат органдарындағы және сайлау округтеріндегі жұмысы үшін депутаттарды қызметтік міндеттерінен орындаудан босатуға байланысты мәселелерді шешеді;
- мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге органдарының, депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
- мәслихат аппаратының құрылымымен штаттарын мәслихаттың бекітуіне енгізеді, оның жұмысына басшылық етеді, қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
-мәслихатқа сайлаушылардан келіп түскен ұсыныстар, тілектер, хаттар туралы жалпылама мәліметтер ұсынады;
-  аппаратта азаматтарды қабылдауды, хаттарды, өтініштерді, шағымдарды қарауды ұйымдастырады. Заңдарға сәйкес сайлауды ұйымдастыру және депутаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату мәселелерін қарастырады;
- депутат сұрауларының және депутат хаттарының қарастырылуын бақылайды;
- мәслихат атынан сотқа ұсынылатын талап арыздарға қол қояды;
- өз құзыретіне жататын мәселер бойынша өкімдер шығарады;
- мемлекеттік органдармен, ұжымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен мәслихат атынан қарым-қатынас жасайды.


Мәслихат аппараты

Болаев Беимбет КабдрахмановичАппарат жетекшісі Болаев Бейімбет Қабдрахманұлы

1971 жылы 11 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының Аршаты ауылында туған. Білімі жоғары, 1998 жылы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1992-2007 жылдары Аршаты орта мектебінде қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі, 2007-2010 жылдары Жамбыл ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған. 2010 жылдың қазанынан бастап мәслихат аппаратының аппарат жетекшісі.

Бас маман. Шағиева Анар Сейтқанқызы 1971 жылы 31 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Большенарым  ауданының Жұлдыз  ауылында туған. Білімі арнайы орта, заңгер. 1992-1994 жылдары аудандық «Еңбек туы» газетінің аудармашысы. 1994-1997 жылдары Большенарым ауылдық әкімшілігінде  іс қағаздарын жүргізуші, 2004   жылдан бастап мәслихат аппаратында хатшы-машинистка, 2005 жылдан бастап жетекші маман, 2009 жылдан бастап мәслихат аппаратының бас маманы.

Бас маман-іс қағаздарын жүргізуші. Алқабекова Мақпал Арманқызы 1992 жылы 16 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Балғын ауылында туған. Білімі жоғарғы. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техниклық университетінің геодезия және картография мамандығы бойынша аяқтаған. 2013 жылы Катонқарағай аудандық жұмыс пен қамту және әлеуметтік бағдарламалар боліміне хатшы іс-қағазын жүргізушісі, 2014 жылдан Катонқарағай аудандық мәслихат аппаратының бас  маман-іс қағаздарын жүргізуші.

Құқық жұмысы бойынша бас маман. Оралгазинов Қанат Мұратұлы, 1980 жылы 8 желтоқсанда  Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының Катонқарағай ауылында туған. Білімі жоғары,  2002 жылы ҚР ІІМ Қостанай заң институтын заңгер мамандығы бойынша аяқтаған.  2017 жылғы 4 қыркүйектен бастап мәслихат аппаратының құқық жұмысы бойынша бас маманының м.а.

Бас маман-бас бухгалтер. бос лауазым

 

 

Парақтар өзгертілді: 21-11-2017