Аудандық Мәслихат


kn Мәслихат хатшысы
kn Aудандық мәслихатының депутаттары
kn VI шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары а
kn НҚА жобалары

 

Жұмысшы тобы Катонқарағай ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысына сәйкес әрбір коммерциялық емес ұйым мен әрбір азамат Катонқарағай ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына бір ғана кандидат ұсына алады.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес Катонқарағай ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына кандидаттарға төмендегі талаптар қойылады:
1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Шығыс Қазақстан облысының шегінде тұратын азаматы кандидат бола алады.
Кандидат:
1) сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығы болмауы, психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмайтындығы туралы анықтамалар ұсынылады.
Жоғарыда санамаланған талаптарға сай келмейтін кандидаттар конкурсқа жіберілмейді.
Ұсыныстар қолма-қол жазбаша түрде 2019 жылғы 11 ақпанға дейін Аблайхан көшесі 102, аудандық әкімдіктің ғимараты мекенжайы бойынша, rau_maslihat_kk@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады.

 

Парақтар өзгертілді: 04-02-2019