Мәслихат
Катонқарағай аудандық мәслихатының хатшысы Д.З.Бралинов туралы мәлімет
Бралинов Дүйсен Зағыпранұлы 03.10.1959 ж.
Туған жері Жамбыл ауылы Катонқарағай ауданы Шығыс Қазақстан облысы
Білімі, мамандығы Жоғары, математика және физика пәнінің мұғалімі
Бітірген оқу орны, жылы 1980 жылы Өскемен педагогика институтын бітірген
Еңбек жолы 1980-1985 ж Жамбыл ОМ. мұғалімі, 1985-1987ж- мектеп директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 1987-2007 ж-мектеп директоры,
2007 ж 29 тамызынан
- аудандық мәслихаттың хатшысы
Сайланбалы органдарға қатысуы Катонқарағай аудандық мәслихатының ІІІ, ІV шақырылымдар-дағы депутаты
Партияға мүшелігі «Нұр Отан» ХДП мүшесі
Лауазымдық міндеттері:
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, аудан әкімі аппаратымен бірлесе отырып, берілген өкілеттіктер шеңберінде:
- сессияның қарауына аудан әкімі жасап, бекітуге ұсынған аумақ-ты дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, санитар-лық тазалық және көркейту ережелерін, ауданды басқару схемасын, әкім-діктің дербес құрамын келісу, тағы басқа мәселелердің жобаларын енгізеді;
- тұрақты және тексеру комиссияларымен, аудан әкімімен және оның аппаратымен бірлесе отырып ауданның бюджетін сессиясының бекітуіне енгізеді және жергілікті бюджет туралы шешімнің атқарылуын ұйымдастырады, бақылайды;
- тұрақты және тексеру комиссияларымен бірлесе отырып мәсли-хаттың уақыт тәртібін жасап, сессияның қарауына енгізеді және бекітіл-ген соң, оның атқарылуын қамтамасыз етеді;
- мәслихат сессиясы төрағасының жұмысы үшін ұйымдас-тырушылық-техникалық жағдайлар жасайды;
- депутаттарды, аудан әкімін және тұрғындарды мәслихат сессиясы-ның өткізілу уақыты мен орны жөнінде, күн тәртібінің жобасы жайлы хабардар етеді, материалдарды табыстайды;
-мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді, сессия хаттамасының жасалуын қамтамасыз етеді, сессия төра-ғасымен бірге мәслихаттың шешімдеріне және сессияның хаттамасына, сессия бекіткен өзге құжаттарға қол қояды;
- депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруларына көмек көрсе-теді, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастырады, мәсли-хат органдарындағы және сайлау округтеріндегі жұмысы үшін депутат-тарды қызметтік міндеттерінен орындаудан босатуға байланысты мәселе-лерді шешеді;
- мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге органдарының, депу-таттық топтардың қызметін үйлестіреді;
- мәслихат аппаратының құрылымымен штаттарын мәслихаттың бекітуіне енгізеді, оның жұмысына басшылық етеді, қызметкерлерін қыз-метке тағайындайды және қызметінен босатады;
-мәслихатқа сайлаушылардан келіп түскен ұсыныстар, тілектер, хаттар туралы жалпылама мәліметтер ұсынады;
- мәслихат шешімдеріне сәйкес, ең маңызды мәслихаттың шешім жобаларын, жергілікті және республикалық маңыздағы мәселелерді аза-маттардың талқылауын қамтамасыз етеді;
- аппаратта азаматтарды қабылдауды, хаттарды, өтініштерді, шағым-дарды қарауды ұйымдастырады. Заңдарға сәйкес сайлауды ұйымдастыру және депутаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату мәселеле-рін қарастырады, сондай-ақ, Сенат депутаттарын сайлау бойынша сайлау-шылар жиынын ұйымдастырады;
- депутат сұрауларының және депутат хаттарының қарастырылуын бақылайды;
- мәслихат атынан сотқа ұсынылатын талап арыздарға қол қояды;
-
өз құзыретіне жататын мәселер бойынша өкімдер шығарады;
-
мемлекеттік органдармен, ұжымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен мәслихат атынан қарым-қатынас жасайды.
Катонқарағай аудандық мәслихатының кезектен тыс ХV сессиясының күн тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтарындағы №148-ІІ Заңының 18 бабының 4 тармағының 2) тармақшасына сәйкес Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Катонқарағай аудандық мәслихатының он бесінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
- «2009 жылға арналған аудан бюджеті туралы» 2008 жылғы 23 желтоқсан-дағы № 9/98-ІV шешімге өзгерістер енгізу туралы.
М.С.Нұрғалиев – аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы.
- Катонқарағай аудандық мәслихатының тексеру комиссиясының ұйымдас-тыру жұмыстарын жетілдіру туралы.
Е.Қ.Мамыров – тексеру комиссиясының төрағасы
- Тексеру комиссиясының актілерін бекіту туралы.
Е.Қ.Мамыров – тексеру комиссиясының төрағасы
- Катонқарағай аудандық мәслихатының 2006 жылғы 18 қазандағы «Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі ведомствоаралық аудандық комиссияның дербес құрамы туралы» №23/13-ІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Катонқарағай аудандық мәслихатының кезекті ХVІ сессиясының төрағасы туралы.
Сессия төрағасы Н.Қ.Шаухин
Аудандық мәслихат хатшысы Д.З.Бралинов
|