Жетістіктер

Аудан бойынша 40 мектеп, (рның ішінде 2 мектеп консервацияға қойылған) 9 мектепке дейінгі мекеме, 5 қосымша білім беру ұйымдары (Шығармашылық Үйі, 2 музыка мектебі, 1 абаблар және жасөспірімдер мектебі, "Жас турист" бекеті) бар.
Балалар мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие 100% қамтылды.   
Үштілді білім беруді дамытудың кешенді жоспары үш кезеңде жүзеге асырылады: біріншісі – 2015-2016 жылдыр, екіншісі – 2016-2017 жылдар, үшіншісі – 2018-2019 жылдар.
Жоспарды жүзеге асырудың бірінші кезеңінде «2015-2019 жылдарда үштілді білім беруді дамтудағы кешенді жоспардың апробациясы бойынша жол картасына» сәйкес ағылшын тілі, орыс сыныптарындағы қазақ тілі, қазақ сыныптарындағы орыс тілі мұғалімдерінің мәліметтер банкі құрылды. Талдау нәтижелері бойынша мұғалімдердің тілдік деңгейлері анықталды. Аудан мұғалімдері «Ағылшын тілін оқытудың заманауи технологиялары» тақырыбы бойынша курсынан өтті. Сондай-ақ көптілділікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Кембридж баспасының жаңа оқулықтары бойынша семинарға қатысып,  гумнитарлық колледж базасында сөз мәнерін тәжірибеде нақтылау бойынша курстардан өтті.
Алдыңғы қатарлы ұстаздардың педагогикалық іс-тәжірибелерін тарату мақсатында аудан бойынша Юбилейное, Жамбыл , Новополяковка, Коробиха мектептерінде семинарлар өтті. Мысалы, Шыңғыстай мектебінде «Үштұғырлы тіл-ағылшын тілі-заман талабы», Еңбек мектебінде «Ағылшын тілі апталығы», Топқайың мектебінде «Тілдер фестивлі» т.с.с. Сонымен қатар мектептерде апталықтар, тілдер онкүндігі, Достық фестивалі ұйымдастырылды.
«Үштілдік білім беруді жүзеге асыру» жобасы бойынша алғаш рет 23 пән мұғалімдері (физика, биология, химия, информатика) оқытылып, халықаралық емтихан тапсырды.  Осы курстан өткен мұғалімдер 14 мектепте 8-сыныпта өз пәндерін ағылшын тілінде  жүргізеді.  Дарынды және талантты оқушыларды анықтау, олардың танымдық қызғушылықтарын дамыту мақсатында ағылшын тілінен пәндік олимпиадалар өткізіледі. Облыстық олимпиадада Айдарова А. (Өрел ОМ)  3- орынды иеленді. Ластаев орта мектебінің 6 оқушысы ҚАЕУ ұйымдастырған облыстық олимпиадада жүлделі орындарды иеленді. Мектептердің 250 білім алушылары  "British Bulldog"(Бритиш бульдог) қашықтық олимпиадасына қатысып, оның ішінде 5-уі 1-орын, 13 оқушы-2-орын, 57 оқушы 3- орынды иеленді. «Кенгуру Лингвист» олимпиадасына 45 оқушы қатысты. Оның ішінде 12 оқушы 2- орынды, 36 оқушы 3-орынды иеленді. «Leader» (Лидер) конкурсына 350 оқушы қатысып, олардан 20 оқушы 1- орынды, 47 оқушы 2-орынды, 53 оқушы 3-орынды иеленді. Казнаковка білім беру қоры ұйымдастырған олимпиадада ағылшын тілі бойынша 30 оқушы қатысты.
2017-2018 оқу жылында 9-11-сыныптар үшін  «Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК және «Семей көпсалалы колледжі» мамандық таңдау жұмыстарын өткізді.
Аудан бойынша 2017-2018 оқу жылында 289 түлек аяқтады. 124 түлек жоғарғы оқу орнына, оның ішінде 85 түлек грантқа оқуға түсті.  154 түлек колледжге, оның ішінде 92-сі грантқа оқуға түсті. 3.
Кәсіби бағдар беру мақсатында   «Менің мамандығым – ел гүлденуінің кепілі» тақырыбында  стенд-моб  өткізілді. Аталған шараға облыстың 3 жоғарғы оқу орнының және 11 колледжінің өкілдері қатысты. Бұл іс-шараға 3 мектептен 90 оқушы және 70 ата-ана  іс-шараға тартылды.
«Менің мектебім» акциясы шеңберінде жаңа модификациялы  6 кабинет заманауи оқу құралдары және жиһаздармен жабдықталды. Оның ішінде 2 физика кабинеті, 1 биология кабинеті, 3 робототехника кабинеті, жалпы сомасы 38. 524 мың теңге. Аталған акцияны жүзеге асыру шараларын орындау барысында аудандық атқарушы органдар тарапынан мектептермен жаңа құралдарды қабылдап алуға дайындық жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағадарламасы және «Менің мектебім» акциясы аясында мектептердің жаңа модификациялы және робототехника кабинеттерінің көрмесі өтті. Жалпы алғанда, көрмеде 850 адам болды.  

Конкурстар мұғалімнің кәсіби өсуіне ықпал  етеді, педагогикалық қауымдастықтағы байланыстарын кеңейтеді, жаңа қызықты адамдармен, олардың тың ойларымен таныстырады. «Ұстаз-өзгерістер елшісі» жобасының аясында аудандық «Жас ұстаз-2018» байқауы (10 мұғалім қатысты), «Қосымша білім берудің үздік педагогы» (10 педагог қатысты), «Үздік тәрбиеші-2018» (15 тәрбиеші қатысты),  мұғалімдердің аудандық педагогикалық жәрмеңкесі (15 маман қатысты), педагогикалық фестиваль (10 ұстаз қатысты) өтті. Биылғы жыл аудан педагогтарының түрлі деңгейдегі кәсіби шеберлік конкурстарына қатысуында жемісті болды. «Қосымша білім берудің үздік педагогы-2018» облыстық конкурсында Адылбек Қуаныш 1 орынды, «Шағынкомплектілі мектептердегі үздік мұғалім» конкурсында Ново-Поляковка орта мектебінің ұстазы Кыдырканова Кымбат 3 орынды иеленді. Жас ұстаздар арасындағы «Талантты ұстаз-дарынды балалар» республикалық конкурсында Өрел мектебінің АӘД мұғалімі М.Тюменбаев жүлделі 2 орын алды. 
Патриоттық тәрбие беру және өз өлкесінің туған тарихын оқып үйрену мақсатында аудан мұражайларында (мектептен тыс жерде) 26 орта және 12 негізгі мектептерден 5-7-сыныптан 1100 оқушыны қамти отырып, туған өлкенің тарихы жайлы 650 сабақ өтілді. «Қазақстан халқының салт-дәстүрі» факультативтік курсы бойынша ауданның 40 білім беру ұйымдарында 5-сыныптардан 350 оқушыны қамтыған 340 сынып сағаттары өтілді. Аталған жоба бойынша 2018 жылдың наурыз-сәуір айында «Мұражай аясындағы үздік сабақ», «Қазақстан халқының салт-дәстүрі» конкурстары өтті. «Мұражайдағы үздік сабақ» облыстық конкурсында «Е.Рыков атындағы орта мектебі» КММ-сінің мұғалімі Абраимова Б.К. 3-орынды иеленді. 
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Берел қорғанына саяхатқа 1336 оқушы барды. Демеушілер көмегі арқылы қазақ тілі пәні мұғалімдері Абай ауданындағы Жидебайға 28 оқушыны саяхатқа апарды. Шыңғыстай ауылындағы Әбдікерім атындағы мектептегі мұражайға 392 оқушы саяхатқа барып, тарихи орындарды және қазына орындарын тамашалап қайтты.  облыстық Облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығының жолдамасымен "Айналаңа қара" атты бағдарлама бойынша 4 оқушы Өскемен қаласына саяхатқа барды. Сонымен қатар 3 оқушы Алматыға, 2 оқушы Астанаға саяхатқа барды.
6-11-сыныптар арасында өткен аймақтық "Туған жер. Туған ел. Туған глобал» атты олимпиадада Майемер орта мектебінің оқушысы 1-орынды, Ново-Березовка орта мектебінің оқушысы 2-орынды, ауылдық лицейдің оқушысы 3-орынды ителенді.

Парақтар өзгертілді: 26-10-2018